Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңғырудың жаңа белесі –латын әліпбиі - АРҚА АЖАРЫ

Жаңғырудың жаңа белесі –латын әліпбиі

Осындай тақырыпта Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Жиынға Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, конференция жұмысына өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл жанашырлары мен студент жастар қатысты.

Аталмыш шараны «Көкше-Медиа» орталығының директоры Жалғасбек Сүлейменов жүргізіп отырды. Салтанатты шарада Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Сердар Дағыстан «Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің тарихи маңызды» тақырыбында баяндама жасады.
– Түркі жұртының барлығына бірдей ортақ графикаға көшудің түркі мәдениетінің дамуына қосатын үлесі мол. Жаһандану кезеңі басталып әлемдік интеграция жүріп жатқан қазіргі кезеңде түрік жұрты да өзінің асыл құндылықтарын жарқыратып көрсете алуы тиіс. Қазіргідей жылдам ақпарат алмасу дәуірінде түркі жұрты бірінің жазған еңбектерін бірі қиналмай оқи алатын деңгейге көтерілсе, түркі интеграциясының қарқын алуына үлкен серпін берген болар еді. Ортақ мәдени мұраларымызды бірлесе отырып зерттеуді қолға алатын кез жетті. Ол үшін тілі бір, діні бір туысқан түркі жұртының қолданыстағы графикасы да бірдей болудың маңыздылығы зор. Себебі, ХХІ ғасыр информация дәуірі, идеологияның маңызы мен қуаты күшейген кезең. Түрік халықтары да өздерінің ортақ жәдігерлерін бірлесе отырып насихаттау үшін ортақ бір жазу үлгісін таңдағаны дұрыс, – дей келіп, латын әліпбиіне көшудің артықшылығы туралы өз ойларын ортаға салды.
Ал, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова болса, латынграфикалы қазақ әліпбиінің емле ережелері туралы тарқатып айтып берді.
– Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиін оқытуда әліпби ауыстыру тілтанымдық реформасын пайдалана отырып, бүгінгі күнге дейін олқы болып орны толмай келе жатқан қазақ тілінің дыбыстық құрылысы мен оның жазудағы репрезентациясы туралы ғылыми білімдерді қазақ тілі ғылыми курсына енгізіп, «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын заманауи теориялық білімдермен байытып алуымыз керек деп санаймыз. Ол үшін жаңа әлипбидегі әрбір әріптің фонетика-фонологиялық мазмұнын алдымен мұғалім, оқытушының өзі терең түсінуі керек. Осындай білімдер қазақ тіл танымында ХХ және ХХІ ғасырдың басында фонетика, граммотология, тіл мәдениеті, жазу теориясы салалары бойынша жүргізілген іргелі ғылыми-зерттеулерде әлдеқашан анықталып қойған. Және бұл ғылыми білімдер өзінің сапасы жағынан әлемдік фонологиялық ойға үйлес, жаңа әрі дәйекті болып табылады, – дейді ғалым. Сонымен қатар, ол өз сөзінде латын әліпбиіндегі төл дыбыстардың қолданылуын тарқатып айтты. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушы Лайс Мусин «Латынграфикалы қазақ әліпбиінің ерекшеліктері жайында» баяндама оқыды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар