Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салықтық рақымшылықты тиімді пайдаланған жөн - АРҚА АЖАРЫ

Салықтық рақымшылықты тиімді пайдаланған жөн

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкенов журналистермен «Салықтық рақымшылық» тақырыбында брифинг өткізіп, салық төлеушілер үшін оның тиімділігі туралы әңгіме өрбітті.

Ақмола облысы бойынша рақымшылықты пайдаланған салық төлеушілердің саны 1596-ға жетті. Салықтық рақымшылық нәтижелері бойынша 57,2 миллион теңге өсімпұл және айыппұл есептен шығарылды, 238 миллион теңге негізгі салық борыш
сомасы төленді.

Брифингте департамент басшысының орынбасары елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқаны туралы айтты. Аталмыш шараның шартына сай 2018 жылдың 1-ші қазанына дейін салық төлеушінің дербес шотында болған негізгі салық борышының сомасын төлеген жағдайда, өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылатын болады.
– Ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйектегі жағдайы бойынша Ақмола облысында рақымшылықты пайдаланған салық төлеушілердің саны 1596-ға жетті. Салықтық рақымшылық нәтижелері бо-йынша 57,2 миллион теңге өсімпұл және айыппұл есептен шығарылды, 238 миллион теңге негізгі салық борыш сомасы төленді, – дейді Бауыржан Шәйкенов.
Брифингте айтылғандай, салық төлеушілерге рақымшылық жасау үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Себебі, мемлекеттік кірістер органдары күн сайын дербес шоттардың жай-күйіне мониторинг жүргізіп, негізгі қарызды төлеу кезінде үш жұмыс күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады. Негізгі борыш сомасын, өсімақы мөлшерін салық төлеушілер «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшаларындағы жеке шоттан үзінді көшірмені алып анықтай алады.
– Салық төлеушілерге ол үшін ешбір ұйымға жүгінудің қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер қызметінің мамандары күнделікті мониторинг жасап, қарыздың негізгі бөлігін өтегендердің өсімпұлын автоматты түрде алып тастап отырады. Егер салық бо-йынша өткен жылғы негізгі қарызын және өсімпұлды төлеген отандастарымыз болса, олардың өсімпұл үшін төлеген ақшалары қайтарлып беріледі. Ол үшін мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш жазу керек, – дейді Бауыржан Шәйкенов.
Берешек сомасы өтелген салық төлеушілерді іріктеу үшін күн сайын дербес шоттар түгенделеді, 3 жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушінің дербес шоттары бойынша шешім шығарылған өсімпұл есептен шығарылады. Кез келген салық төлеуші мойнындағы борыш сомасын мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтынан немесе электронды үкімет (E-gov.kz) порталы арқылы білуіне болады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар