Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер – байлығымыз, оған ие де болайық, игере де білейік - АРҚА АЖАРЫ

Жер – байлығымыз, оған ие де болайық, игере де білейік

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отырғанын айтты. Расында да жерге салынатын тікелей салықтар деңгейінің төмендігі жағдайды күрделендіре түсті. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Осы орайда, Президент елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кеткенін айтып өтті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс. Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентке осы түйткілді реттеудің тиімді жолдарын ұсынуы керектігін міндеттеді. Мұндай маңызды мәселені шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес.

Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының негізгі міндетіне жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, жер заңнамасы саласында жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау кіреді. Басқарма жыл басынан бері жеке, заңды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға қатысты 1 606,19 гектар жерге 320 тексеру жүргізіп, 1605,7 гектар жерде жер заңнамасы нормаларының 283 бұзушылығын анықтады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен бірнеше есе көп.
Аталмыш заң бұзушылықтар бойынша 27 әкімшілік іс қозғалып, 3 миллион 484 мың теңгенің айыппұлы салынды. Оның 2 миллион 95 мың теңгесі бюджетке түсті. Айыппұл сомасының азаюына басқарма құзыретінен ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбағаны немесе ұтымсыз пайдаланғаны үшін айыппұл салуды алып тастау себеп. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92, 94-баптарына сәйкес анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында 945,78 гектар жерге жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану қажеттілігі туралы 211 ұйғарым шығарылды.
Қала мен аудандарда құрылыс мақсатына арналған пайдаланылмайтын немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау үшін жұмыс топтары құрылды. Басқарма жыл басынан бері құрылыс нысандары үшін берілген 944,53 гектар жердегі 205 жер учаскесін тексерді. Оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92,94 бабына сәйкес жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану қажеттігі туралы ұйғарымдар берілді. Аталған жер учаскелері бойынша бір жыл өткеннен кейін бақылау тексерулері жүргізілетін болады, олардың нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.
Құрылыс нысандары үшін берілген осы жер учаскелері жөніндегі мәліметтер Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жер салығының жоғары мөлшерлемесін қолдану үшін жіберілді.Бүгінгі таңда коммерциялық мақсатта пайдаланылмайтын жерлер бойынша 2015 жылдан бастап 24 миллион 721 мың теңге жер салығының жоғары мөлшерлемесі қолданылды. Оның ішінде мемлекет бюджетіне 12 миллион 773 мың теңге түсті. Сондай-ақ, 2018 жылғы коммерциялық мақсаттағы жер учаскелеріне берілген ұйғарымдар бойынша бақылау тексерулерінің нәтижесінде бұрын анықталған заң бұзушылықтардың жойылмауына байланысты сот органдарына 67,9 гектар жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы 16 талап арыз жолданды, оның ішінде бүгінгі күні 5,0 гектар жер учаскесі мемлекеттік меншікке алынды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың қараша айында жергілікті атқарушы органдар облыс бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп, 4273,6 гектар жер аумағында коммерциялық мақсаттағы пайдаланылмайтын 422 жер учаскелерін анықтады. Жоғарыда көрсетілген жер телімдерінің мекен-жайын тексеруге де материалдар келіп түсті. Бұл – 4272,9 гектар алаңдағы 386 жер учаскелері. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 2998,2 гектар алаңдағы 176 жер учаскесі тексеруге жатпайтын болып шықты. 697,42 гектар алаңдағы 110 жер учаскесі тексерілді. 5,54 гектар алаңдағы 3 жер учаскесі бойынша жер учаскелерін беру туралы заңсыз қабылданған шешімдердің күшін жою бойынша сот органдарына талап арыз берілді, оның ішінде 5,5 гектар жерге 2 талап арыз қанағаттандырылды. Тексерілетін субъектінің орналасқан жерінің анықталмауына байланысты 571,8 гектар алаңдағы 97 жер учаскесі бойынша материалдар жергілікті атқарушы органдарға иесіз мүлік ретінде есепке қою үшін жіберілді.
Жоғарыда көрсетілген тексерулер бойынша бүгінгі күні 3,55 гектар алаңдағы 4 учаске пайдаланылуда. 3,551 гектар алаңдағы 4 жер телімі мемлекет меншігіне алынды. Сондай-ақ, пайдаланылмайтын коммерциялық жерлер бойынша іс-шараларды орындау кезінде проблемалық сәттер бар. Мәселен, басқармада жерді пайдаланбау туралы жанама деректердің болуына қарамастан, олар бойынша тексеруді ұйымдастырусыз шаралар қабылданбайды. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабының талаптарына сәйкес бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Алайда, хабарлама жіберген кезде меншік иесі көбінесе алдағы тексеру туралы хабарлама алудан жалтарады. Кейбір жағдайларда алдағы тексеру туралы хабарлама алғаннан кейін жер учаскелерінің меншік иелері жер учаскелерін үшінші тұлғаларға сатады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен тексеру субъектілерін хабардар ету рәсімін жеңілдету мәселесі қарастырылуда.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Жер кодексіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын бақылау функциялары облыстың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органынан аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қарамағына берілді. ҚР Жер кодексінің 147-бабының 2.2-тармағына және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 338-бабына сәйкес аудандық атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жер учаскесінің меншік иелері мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер пайдаланушыларға қатысты әкімшілік ден қою шараларын қолдана отырып, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау ұйымдастырады және жүргізеді.
Осыған байланысты, басқарма аудандарда тексеру жүргізу тәртібін түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді, аудандық инспекторлар біздің басқармада тағылымдамадан өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың қараша айында жергілікті атқарушы органдар облыс бойынша прокуратура органдарымен бірлесе отырып 975 139,8 гектар жерде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 744 жер учаскесін анықтады. Осы орайда, аудан әкімдіктерінің мемлекеттік инспекторлары жалпы ауданы 572177 гектар жерде 398 жер учаскесі бо-йынша тексеру іс-шараларын жүргізіп, 195 субъектіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Меншік иелерінің жер телімдерінен өз еркімен бас тартуы,жалға алу шартын бұзу жолымен 17531,5 гектаржердегі 37 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды. 271620 гектар жердегі 162 субъект қайта жұмыс істей бастады. Иесі жоқ мүлікке 8 481 гектар жерде 4 телімі берілді.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қоюмен байланысты проблемалық мәселелер бар. Мәселен, егер шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесін мақсаты бойынша бастапқы анықталған сәттен бастап екі жыл қатарынан пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесі ҚР Жер Кодексінің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады. Іс жүзінде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмысты аудан әкімдіктері созып алады, себебі, сотқа тартып алу туралы талап арыз берілгенге дейін 3 тексеріс жүргізу талап етіледі. Осыған байланысты, берілген сәттен бастап екі жыл ішінде жерді пайдаланбау фактілерін анықтау мерзімін қысқарту жөнінде ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізу қажет-ақ.
Бүгінгі күні Ақмола облысының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдалану саласында 172 келісім-шарт тіркелген. Өткен жылы Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында кең таралған пайдалы қазбалардың ғарыштық мониторингі бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалды. Нәтижесінде, акционерлік қоғам жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттық аумақтан тыс өндіруді жүзеге асыруының 114 суреті ұсынылды. Оның ішінде келісім-шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін 6 келісім-шарттың қолданылуы тоқтатылды, сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардың атына қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келісім-шарттық аумақты кеңейту ұсынысымен келісім-шарттық талаптардың бұзылуы туралы хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта әкімдікпен далалық зерттеу жүргізу және тау-кен инженерінің қызметтерін сатып алу үшін бюджет қаражатын бөлу мәселесі қарастырылуда. Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға келтірілген залалды мемлекет пайдасына өндіріп алу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сот органдары арқылы жүзеге асырылатын болады.
Басқармамен 2019 жылдың өткен кезеңінде ҚР Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жер заңнамасы нормаларының анықталған бұзушылықтары бойынша сот органдарына 90,7985 гектар жерге қатысты 54 талап арыз берілді, оның ішінде 15 талап арыз қанағаттандырылды, 19,7116 гектар жер бойынша 25 талап арыз қараусыз қалдырылды, 6 талап арыз бойынша бас тартылды, қалған 5 талап арыз қаралуда, 3 талап арыз тоқтатылды. Пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекеттік меншікке мәжбүрлеп алып қою бойынша жалпы ауданы 66,7563 гектар жерге қатысты 16 талап арыз берілді, оның ішінде 4,3324 гектар жерге қатысты 6 талап арыз қанағаттандырылды, 6 талап арыз қараусыз қалдырылды, 2 талап арыз бойынша бас тартылды, 2 талап арыз қаралуда. Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарының күшін жою бойынша жалпы ауданы 4,9943 гектар жерде 13 талап арыз берілді, оның ішінде 4,2643 гектар жердегі 3 талап арыз қанағаттандырылды, 4 талап арыз қараусыз жатыр, 3 талап арыз бойынша бас тартылды, 1 талап арыз қарауда, 2 талап арыз тоқтатылды. Жалпы, 2015-2018 жылдар аралығында басқарманың талап арыздары бойынша сот шешімдері негізінде жергілікті атқарушы органдардың заңсыз қабылдаған шешімдері бойынша 61 768,4683 гектардағы 338 жер учаскесі мемлекет қарамағына қайтарылды және сот шешімдерімен мәжбүрлеп алып қою бойынша 28628 гектар жер учаскесі қайтарылды.
Бүгінгі күні басқармаға жүктелген міндеттерге сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде, сондай-ақ, прокуратура органдарымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, әкімдіктер мен жер қатынастары бөлімдеріне, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне қатысты бірқатар тексерулер жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша жер учаскелерін беру заңдылығына қатысты жер заңнамасы нормаларының өрескел бұзушылықтары анықталды. Тексеру іс-шаралары Аршалы, Ақкөл, Бурабай, Біржан сал, Зеренді, Есіл, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласына қатысты жүргізілді.

Ерғали ШОРИН,
Ақмола облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар