Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баспанамен қамтуда оң өзгерістер бар - АРҚА АЖАРЫ

Баспанамен қамтуда оң өзгерістер бар

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге

асыруды бақылау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің, сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасының «Жастарды қолдау» бағыты бойынша өңірлік партия кураторының бірлескен кезекті отырыстары өткізіліп, жас отбасыларды баспанамен, студент жастарды жатақханамен қамту мәселелері кеңінен сөз болды.

Елбасы «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» атты бірінші әлеуметтік бастамасы аясында «7-20-25» бағдарламасын қолға алуды тапсырған болатын. Осы ретте, Қазақстанның Ұлттық Банкі өткен жылы ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекітті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлнәр Омарованың айтуынша, еліміз бойынша бағдарламаны сегіз банк жүзеге асыру құқығына ие. Жұмыс істейтін қазақстандықтарға арналған бұл бағдарлама аясында берілетін пәтердің орташа құны республика бойынша 12 миллион теңгені, біздің облысымызда 7-8 миллион теңгені құрайды. Несиелеудің орташа мерзімі жиырма жыл. «Баспана» акционерлік қоғамының мәліметінше, республика бойынша бағдарламаға қатысуға 18,4 мың адамнан өтініш түскен. Соның ішінде, 10,8 мың өтініш мақұлданған. Бұл барлық өтініштердің 59 пайызын құрайды. Ал, біздің облыс-та тұрғындардан келіп түскен 565 өтініштің 406-сы банктермен мақұлданғанын филиал директорының орынбасары атап өтті.
Өткен жылдың қыркүйек айында басталған «Баспана Хит» бағдарламасы аясында да баспаналы болып жатқандар бар көрінеді. Мәселен, ақмолалықтардан келіп түскен 976 өтініштің 644-і мақұлданған. Бірінші аталған бағдарламаға қарағанда бұл бағдарламамен баспаналы болған жерлестеріміздің қатары анағұрлым көп. Бұған нарықта бірінші деңгейлі тұрғын үйге сұраныстың айтарлықтай болмауы, екінші деңгейлі нарықтағы сұраныстың көп болуы себеп деді банк өкілі. Алайда, эконом класты жаңа тұрғын үйлер көбірек пайдалануға беріліп жатса, жағдай өзгеруі мүмкін екендігі де тілге тиек етілді.
Отырысқа төрағалық еткен партия филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов облысымыз бойынша баспанамен қамту мәселесі өте өзекті екенін, себебі 27600 ақмолалық пәтер кезегінде тұрғанын, оның ішінде 11 мыңы Көкшетау қаласының азаматтары екенін атап өтті.
Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Елена Искакованың сөзіне қарағанда, үстіміздегі жылы облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй салуға 11 миллиард теңге қаржы қарастырылыпты. Соның 2,7 миллиард теңгесі жалға берілетін тұрғын үйге бағытталған. Осы сомаға облысымыздың он ауданында 23 тұрғын үй құрылысы қолға алынды. Жыл басынан бері төрт көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы он көпқабатты тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Ал, Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Шәкіржанов «Ақмола жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 35 жасқа дейінгі отбасыларды бірер жылда баспанамен қамту көзделіп отырғанын жеткізді. Жастарға үш көпқабатты тұрғын үй салу үшін Сарыарқа ышқам ауданында жер телімдері беріліпті. Жобалық-сметалық құжаттары әзір. Екі нысан бойынша құрылыс компанияларымен келісімшартқа қол қойылыпты. Ал, үшінші құрылыс бойынша байқау әлі жүріп жатыр.
Сонымен қатар, бірлескен отырыста студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту, жоғары білім алудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері де сөз болып, облыстық білім басқармасының, жоғары оқу орындары мен «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалы өкілдерінің осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндамалары тыңдалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар