Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Билікке өтініш айтқандар қанағаттанып, қанаттанып шықты - АРҚА АЖАРЫ

Билікке өтініш айтқандар қанағаттанып, қанаттанып шықты

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс əкімі Ермек Маржықпаев партия филиалының ғимаратында азаматтарды өтініштері бойынша қабылдап, әрқайсының алға тартқан мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешімін айтты.

Қоғамдық қабылдауға жазылған өтініш иелерінің бірі Зеренді ауданының Зеренді селосынан келген зейнеткер Дмитрий Куликов 2010 және 2012 жылдары тұрғын үйлердің өртенуінен кейін өзінің жеке баспанасы болмағандықтан, жайсыз күй кешіп жүргенін қинала баяндады. Сондықтан да, тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмек сұрады. Өңір басшысы зейнеткердің бұл өтінішін мұқият тыңдап, мүмкіндігінше шешілетінін айтса, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жүсіпов: – «Құқық қорғау органдарының жұмысы барысында қылмыс жасауға қатысы бар адамдар анықталған жоқ. Сондықтан, қылмыстық тергеу нәтижелері бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы процессуалдық шешім қабылданды. Бүгінде Дмитрий Семенович Зеренді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміндегі кезекте 25-ші болып тұр, – деген ақпарат берілді.
Skype желісі арқылы облыстың əр ауданынан келіп түскен екі сұрақ бойынша өтініш иелерін өңір басшысы мұқият тыңдады. Мəселен, Жақсы ауданы Белағаш селосының тұрғыны Виктор Гертнер Чапаев ауылындағы бөгеттің күрделі жөндеуіне қаражат бөлуге көмек көрсету туралы мәселені алға тартты. Оның айтуынша, Жақсы ауданының аумағында Чапаев-2 бөгеті орналасқан. Бұл бөгет суы ішуге және тұрмыстық қажеттіліктерге арналған. Дегенмен, бүгінде бөгеттің жағдайы нашар. Жыл сайын көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суларының көптігі салдарынан су деңгейінің жоғарылауы туындайды, бұл бөгет іргесінің бұзылуына әкеліп соғуда, – дейді өтініш иесі.
Бұл мәселеде Ақмола облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көшекбай Біржекеев: – «Ақмола облысының табиғи ресурс-тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен Жақсы ауданы Чапаев ауылында дамбаны күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Бұл жоба мемлекеттік сараптамадан 2018 жылғы 9 қарашадағы №12-0186/18 тіркелімі бойынша оң қорытындысын алды. Жобаның құны 148196,0 мың теңге. Бұл 2020 жылға арналған бюджеттік өтінім, – деп толықтырды. Дамбыны жөндеу мәселесі бойынша Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев және Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Бақтияр Қасеновтер де өз пікірлерін ортаға салды.
Скайп желісі арқылы байланысқа шыққан тағы бір өтініш білдіруші Есіл ауданының тұрғыны, Есіл аудандық мәслихатының депутаты, жабдықтау-инженері Анатолий Господарь Есіл қаласындағы 45 пәтерлі тұрғын үйдің жағдайын айтып, облыс әкімінен көмек сұрады.
Бұл тұрғыда Ақмола облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Ермек Қарағаев, осы нысанның 2017 жылдың шілдесінде алынған ведомстволық емес сараптаманың оң қорытындысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы барын және сметалық құны – 324 миллион теңгеге бағаланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, – «Бүгінгі күні Есіл қаласында 584 отбасы баспана кезегінде тұр. Оның ішінде: жетім балалар санаты бойынша 262, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер – 156, әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен отбасылар – 15, ал, апаттық жағдайдағы үйлерде тұратындар саны – 14, – деп сөз қосты Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәуренбек Нұрлыбеков.
Ақмола облыстық партия филиалының төрағасы, облыс əкімі Ермек Маржықпаев əр өтініш бойынша нақты жауап беріп, әр мәселенің Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде шешілетіндігін айтты. Қоғамдық қабылдауға келген және Skype желісі арқылы өтініш айтқан әркім өз сауалдарына тиісті жауап алып, қанаттанып шықты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар