Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еліміздің басты байлығы – бірлік - АРҚА АЖАРЫ

Еліміздің басты байлығы – бірлік

Көкшетаудағы Достық үйінде Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының құрылғанына отыз жыл толуына арналған облыстық Қазақстан халықтар ассамблеясының қолдауымен шешен-ингуш мәдениетінің фестивалі өтті. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, құттықтады.
Фестивальге Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларынан құрметті қонақтар, Атбасар, Сандықтау, Бұланды және Бурабай аудандарынан шешен-ингуш этномәдени бірлестіктерінің делегациялары мен шығармашылық көркемөнерпаздар ұжымдары, сондай-ақ, қазақ тілі мәдениеті, орыс қауымдастығы, чуваш, поляк, тәжік этномәдени орталығы, облыстық татар және башқұрт бірлестігі, басқа да этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Салтанатты бимен ашылған іс-шарада көпшілік назарына ең алдымен шағын алаңдарда шешен-ингуш халқының салт-дәстүрлері ұсынылды. Ұлттық киім үлгілері көрсетіліп, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары қойылды. Шара соңы үлкен гала-концертке ұласты.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, барша қазақстандықтарды Қазақстан халқы тілдері күнімен, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының құрылғанына отыз жыл толуымен өңір басшысының атынан құттықтап сөз сөйледі.
– Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап этностардың азаматтық рухани мәдени қауымдастығына және халық бірлігін рөліне негізделген барша Қазақстан халқының мызғымас бірлігінің нәтижесінде барша әлемге достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсетуде. Осы жиынға қатысып отырған баршаңызды бірлік пен келісімді насихаттайтын тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді. Сонымен қатар, Қазақстан халқы тілдері күнінің шеңберінде Қазақстан
Республикасында қоныстанған этностардың салт-дәстүрлерін, мәдени құндылықтарын дәріптеуге бағытталған түрлі форматтағы іс-шаралар өтіп жатқандығын айта кетті.
Қазақстан халықты Ассамблеясы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов өткен ғасырдың ауыр кезеңдерін есіне алып, сол естеліктер әлі де болса ақсақалдардың жадында сақталғанын айтты.
– Отызыншы жылдары аштықты басынан өткізген қазақ халқының өзі қырқыншы жылдардың қиын кезеңдеріне қарамастан, жер аударылған өзге ұлттың халықтарын жылы қабылдап, барымен бөлісті. Қазақ халқының төзімділігінің, адамгершілігінің арқасында тағдырдың айдауымен әр кезеңде әр түрлі жағдайлармен осы жерге келген адамдар бүгін кең даланың төрінде өздерінің екінші отанын тапты. Бүгінде бейбіт түрде еліміздің болашағына алаңдаушылық білдіріп, оны бірге құруға атсалысуда, – деді ол.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясында Елбасымыз «Біз достықты қазақстандықтардың барлық буынының басты игілігі ретінде сақтай білдік. Отаны бір қаншама этностың басын қосып, ұйытқы болып отырған еліміздің басты байлығы бірлік» деп атап өткен болатын. Ендеше бірлігімізді жоғалтпайық ағайын!
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар