Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәдениет саласын қолдауға жете көңіл бөлінеді - АРҚА АЖАРЫ

Мәдениет саласын қолдауға жете көңіл бөлінеді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 5-6 шақырылымының депутаты, «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жабал Ерғалиев ашып, жүргізіп отырған қоғамдық кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы кеңінен талқыланып, толғамды пікірлер айтылды.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл өз сөзінде Жолдаудағы концептуалдық маңызы бар екі қағидаға тоқталып өтті. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы мемлекетіміздің тұрақтылығының кепілі екендігін айтты. Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы халық үшін, қоғам үшін, келешегіміз үшін маңызды екенін, осы ойды қолдайтындығын жеткізді. Шынымен де, билік пен халық арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Жолдауда кіріспе бөлімнен кейінгі екінші бөлімнің өзі «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деп аталуының өзі біраз жайды аңғартады деп атап өтті отырысқа қатысушылар.
Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев: –Жолдауды іске асыруға үлесімізді қосамыз. Биыл жаңа екі спектальді қолға алып отырмыз. Келесі жылы театрымыз Сербия, Грузия және Ресей елдерінде өтетін халықаралық фестивальдарға қатысатын болып отыр. Жақын күндері театрымызда Ресей, Қырғызстан, Украина мемлекеттерінің және отандық театрлардың қатысуымен халықаралық фестиваль өтеді. Бұл мәдени шара көрікті өлкемізде туризм әлеуетін арттыруға да игі ықпал ететіні сөзсіз, – деп атап өтті. Отырыс-та Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы Сәбит Жәмбек, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы Ақмарал Қоңырқызы да пікірлерін ортаға салды.
Өз сөзінде Жабал Ерғалиев Президенттің сабақтастық арқылы тұрақтылықты сақтау мәселесіне үлкен мән беріп отырғанын айтты.
–Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі, сыртқы саясатын жалғастыратынын мәлімдеген болатын. Ол сабақтастық бізге керек. Өйткені, тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам кезеңінде біз әлемге танылған, тұрақты дамып келе жатқан мемлекеттер қатарына қосылдық. Биылғы Жолдауда мәдениет саласының қызметкерлеріне үлкен мән берілді. Соңғы жылдары әлеуметтік салада түрлі көмектер көрсетіліп жатқанымен, мәдениет саласының қызметкерлері ұмыт болып қала беретінін Президент стратегиялық құжатта айтты. Әлемде жүріп жатқан жаһанданудың барлығы да мәдениет үшін, әр халықтың өзінің мәдениетін, тілі мен ділін, рухани жан дүниесін сақтап қалу үшін болып жатыр. Сондықтан, Президенттің алғашқы Жолдауында мәдениет саласына көңіл бөлуі сеңді бұзуға үлкен ықпал ететініне сенемін, – деді жазушы, қоғам қайреткері Жабал Ерғалиев. Жолдауда айтылған мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын өсіру, келер жылы Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын ысырапшылдыққа жол бермей, олардың еңбектерін дәріптеу арқылы атап өту мәселелері мәдениет саласы қызметкерлерінің арасында қызу қолдау тапқаны аталып өтілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар