Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақ балық, қармағымды қап балық! - АРҚА АЖАРЫ

Ақ балық, қармағымды қап балық!

Бурабай баурайында бұрын-соңды болмаған, ел назарын өзіне аударатын қызықты фестиваль ұйымдастырылуда. Ол – ақ айдыннан балық аулау.

Қармағын қамдап көл жағалай қонақтаған балықшылардың жас ерекшеліктері әртүрлі екен. Ең жасы он сегіздегі бозбала болса, егдесі жетпісті алқымдаған ақсақал. Құмарлық шіркін, жасқа қарамайды-ау тегі. Фестивальдің шарты бойынша әр балықшыға тұп-тура екі сағат уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде екі рет орын айырбастап, қармағын, жемін жаңартуға құқылы.
– Балық аулау фестивалін биылғы жылы екінші рет өткізіп отырмыз,–дейді шараны ұйымдастырушы Дархан Әлімов,–ең басты мақсат – сексен көлді омырауына сексен маржан етіп таққан көрікті Көкше өңірін, сұлу табиғатын, Бурабайдың бауырындағы берекені насихаттау. Алдағы жылы бастама өрісін кеңейтіп, республикалық деңгейде өткіземіз бе деген ойымыз бар.
Балықшылар сақадай сайланып келген-ақ екен. Тіпті, отбасымен қатысып жатқандар да бар.
–Мәселе балықты көп ұстауда емес, – дейді Алексей Пировский,–ең бастысы, тылсым табиғаттың құшағында өзгеше бір сезімге бөленіп, бір жасап қалу. Асылында бұл да спорттың бір түрі. Біріншіден, жарыс болған соң арқаң қозады, оның үстіне шалт қимыл көбейеді.
Жарыс қорытындысы бойынша тұңғыш балық, ең ірі балық аталымдары бойынша қармағы қара судан бос қайтпағандар марапатталды. Ауланған ең ірі балықтың салмағы үш келіге таяу болды.
Байқал БАЙӘДІЛОВ.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар