Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақпараттық технологиялар мамандары даярлануда - АРҚА АЖАРЫ

Ақпараттық технологиялар мамандары даярлануда

Көкшетау қалалық жоғары техникалық колледжінің конференц залында «Nur Otan» париясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы «Индустриялық даму» бағыты бойынша аймақтық партия кураторының көшпелі комиссиясының отырысы болып өтті.

Іс-шараға қатысушылар алдымен Ақнұр Қабиденқызы Еслямова басшылық ететін жоғары техникалық колледждің оқу корпустарын аралап, цифрландыру бағытында білім алып жатқан студенттердің жасаған жобаларымен танысып, болашақ білікті мамандар даярланып жатқанының куәсі болды. Одан әрі «Камаз-Инжиниринг» АҚ-ның директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Сергей Кистиннің төрағалығымен өткен отырыста Ақмола облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Валерий Гамазов цифрландыру мен ақылды өндірістің дамыту тенденцияларын ескере отырып, Ақмола облысында кадрлар даярлау мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Қазіргі таңда «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мен «Ақпараттық жүйелер» Ақмола облысы бойынша жеті колледжде жүзеге асырылуда. Осы мамандықтар бойынша студенттердің жалпы континенті 800-ден астам адамды құрайды. Оның ішінде облыстың колледждеріне жыл сайынғы қабылдау 300 адамнан асады. Олардың 270-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады. Бұл өткен 2018 жылмен салыстырғанда 240 адамнан 30 адамға артып отыр.
Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды сапалы даярлаудың басты нәтижелерінің бірі – ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауда «World Skills» дағдыларын қолдануды қамтитын «Бизнеске арналған ІТ шешімдер», «Веб-дизайнер», «Жүйелік әкімшілендіру» құзыреттіліктері бойынша әлемдік ұлттық чемпионатқа қатысу болып табылады. Сонымен, «Бизнеске арналған ІТ шешімдер» құзыреттілігі бойынша Ақмола облысының құрама командасының мүшесі бірінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, комиссия мүшелері ағымдағы жылдың сегіз айында Индустрияландыру картасын (кәсіпкерлікті қолдау карталары) жүзеге асыру мәселесіне қызығушылық танытты. Осыған орай, көптеген бағыттарда оң динамика байқалады. Мәселен, өнеркәсіптегі өнім – 3,5 пайызға, ал, ауыл шаруашылығы 12 пайызға өсті. Өңірде құрылыс жұмыстары да қарқын алуда. Жыл басынан бері облыста жүзден астам кәсіпорын мен әлеуметтік нысандар ашылды. Оған қосымша 4000 тұрақты жұмыс орны құрылған. Ол бір жыл ішінде 6,2 мыңға жоспарланып отыр.
Жалпы цифрландыру мен ақылды өндірістің даму тенденциясын ескере отырып, өңірімізде кадрларды даярлау жалғасатын болады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар