Сұлулыққа шомғандай дала көркем,
Қарайды таңданыспен жанай өткен.
Иә, бәлкім аналардың шуағы ма,
Сұр күзді нұр жүзімен арайлы еткен.
Жан бар ма аналардай мейірімді?!
Көсілген дала дер ем пейіліңді,
Көшеден ақ жаулықты ана көрсең,
Құрметтеп, ұмытпаңыз, иілуді.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.