Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамның ашықтығы түсіністікке жол ашады - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамның ашықтығы түсіністікке жол ашады

Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын түсіндіру аясында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелді «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының төрайымы Мәриям Әбішева ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының келешекте жаңа цифрлық технологияны дамытуға мол мүмкіндік туғызатыны жөнінде айтып берді. Жиында сөз алған «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы Азамат Біржанов Жолдаудың бес басымдық бағыты жөнінде айтты.
– Мемлекет басшысы еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындағанын, оның қазақстандық, яғни, Назарбаев моделі деп аталғанын айта келе, Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығаруға Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе алатынымызды атап көрсетті.
Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұратбек Мусин өз сөзінде өңірде салықтың әділ салынуы және қаржыны дұрыс реттеу жөнінде айтып берді. Бұдан кейін сөз сөйлеген Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қасым Итқұсов өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы жөнінде хабардар етті.
Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Раиса Ескендірова өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде айтты. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры міндетін атқарушы Серік Қайырденов өз сөзінде сапалы білім жетістік жолы және экономиканы дамытудың басты құралы деген ойды өрбітті. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бекжан Сәдуақасов Ақмола облысындағы білім сапасы жөнінде өз пікірлерін білдірді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар