Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халық Қаһарманы университет студенттерімен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Халық Қаһарманы университет студенттерімен кездесті

Армия генералы, Халық Қаһарманы М.Қ.Алтынбаев, Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры

Б.С.Біләлов және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің құрметті профессоры А.А.Башмаков Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әскери кафедрасында болды. Шараның модераторы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ақмола облысының құрметті азаматы
С.З. Елубаев болды.

Бұл оқу орнында осындай кездесулер жыл сайын өткізіліп тұрады және олардың негізгі мақсаты – әр азаматтың бойында отансүйгіштік сезімін және Отан тағдыры үшін жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
Қонақтар аса маңызды мемлекеттік құжатты талқылау барысында елдің одан әрі дамуының іс-жоспарымен бөлісті.
Мұхтар Алтынбаев өз баяндамасында Жолдаудың әрбір тармағына егжей-тегжейлі тоқталып, тек әскери саланы ғана емес, сондай-ақ, еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің әлеуметтік жақтарын қозғады. Халық Қаһарманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына Жолдауындағы мемлекеттің одан әрі даму бағытын толық қолдап, курсанттарды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
–Жолдауда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына және жас ұрпаққа деген сенімі өте зор екендігін атап өткім келеді. Президент еліміздің өз даму жолындағы бар қиындықты еңсере алатынына және барлық сынақтардан сүрінбей өтетіне, сөйтіп, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енетініне үлкен жауапкершілікті мойнына алып отыр. Студент жастар Мемлекет басшысының осы жақсы бастамаларын қолдап, барлық игі істердің шын жанашыры болуы керек. Мұны сіздер білім алу жолындағы және қоғамдық жұмыстардағы жетістіктеріңізбен көрсете аласыздар,–деді өз сөзінде Мұхтар Алтынбаев.
Армия генералы әскери кафедраның курсанттары мен профессорлық-оқытушылар құрамын прокурорлық тексерістің мінсіз өтуімен құттықтады, бүгінде бұл кафедра еліміздің барлық әскери кафедраларының рейтингісінің басында тұр. Сонымен қатар, ол кафедра қызметіндегі оң өзгерістерді, жалпы университеттің материалдық-техникалық базасын жақсартудағы тың жетістіктерді атап өтті.
Кездесу барысында университеттің әскери кафедрасының курсанттары А.Тоқтаров, Д.Фрошалов, С.Құдайбергенов, Д.Бук және Т.Фахрутдинов үздік оқуы және әскери жоғары дайындығы үшін генералдың қолынан Алғыс хаттарын алды.
Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Б.С.Біләлов өз сөзінде ішкі істер органдарында жүргізілетін реформаға тоқталды. Мемлекет басшысының Жолда-уында бұл мәселе де нақты сөз болып, оның жолдары атап көрсетілген болатын. Бұдан кейін құрметті қонақтар университеттің бас ғимаратында армия генералы, Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаевқа арналған бөлмеде болып, алғашқы әскери дайындық мамандығын меңгеріп жатқан студенттермен кездесті. Студенттер өздері таңдаған білім беру бағдарламасының маңыздылығы туралы айтса, қонақтар оларды жоғары оқу орнында жан-жақты білім алып, елдің нағыз патриоттары болуға шақырды.
Осылайша бүкіл Қазақстанға белгілі тұлғаларды қатыстыра отырып, Мемлекет басшысының Жолдауын жан-жақты насихаттап талқылау оқу орны ұжымы, соның ішінде студент жастар үшін өте-мөте тиімді екенін аталмыш шара анық көрсетіп берді.

А.Мырзахметов атындағы
Көкшетау университетінің
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар