Қадірменді ұстаздар!
Бүгінгі кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен жолдаған құттықтауым мен жылы лебізімді қабыл алыңыздар!
Мұғалім – бұл жай ғана мамандық емес, ел болашағына қызмет ету жолындағы ардақты да, абыройлы міндет.
Өздеріңіздің қажымас қайраттарыңызбен, қажырлы еңбектеріңізбен, үздіксіз шығармашылық ізденістеріңізбен еліміздің гүлденіп, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатырсыздар. Балаларымыздың, еліміздің жарқын болашағы Сіздердің жоғары кәсіби біліктіліктеріңіз бен рухани күш-жігерлеріңізге, ақыл-парасаттарыңызға тікелей байланысты.
Өзі міндеттеріңізге деген үлкен жауапкершіліктеріңіз, ұстаздық тәлім-тәжірибелеріңіз, бала жүрегіне жол тапқан мейірбанды ақ жүректеріңіз үшін Сіздерге алғысым зор! Төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бақыт, шығармашылық табыс тілеймін!
Құрметті білім саласының қызметкерлері!
Барша ұстаздар қауымы мен білім саласының ардагерлерін мерейлі мереке – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ізгілік пен ұстамдылық, бақыт пен мол қуаныш тілеймін!
Елбасы өзінің әрбір стратегиялық бағдарламасында жастарға сапалы білім берумен қатар, сол білімін қоғамдық-әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, осы арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Бүгінде мемлекет білім беру саласын дамытуға барлық жағдайды жасауда. Өңірімізде салынып жатқан жаңа мектептер мен балабақшалар саны өсуде, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.
Өміріміздегі жақсылық атаулының барлығы ұстаздар есімімен байланысты. Қажырлы еңбек арқылы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрін сусындатуда қажымас еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз үшін Сіздерге алғысымыз шексіз.
Алдағы уақытта да Отан алдында атқарып отырған жауапты еңбектеріңіз ел көңілінен шығып, алдағы қойған мақсаттарыңызға қол жеткізуде сенімділік пен қайсарлық, төзімділік тілеймін.
Дендеріңіз сау, табыстарыңыз мол, бақыттарыңыз баянды болсын!
Әлібек Баймағамбетов,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.
Қадірлі мұғалімдер және білім саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұлағатты ұғым. Өңіріміздегі жақсылық атаулының барлығы ұстаздар есімімен байланысты. Бүгінде мемлекет білім беру саласын дамытуға барлық жағдайды жасауда. Өңірімізде жыл сайын жаңа мектептер салынып, балабақшалар ашылуда, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Қазір облыста 557 мектеп бар. Облыс мектептерінде 22 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді. Ағымдағы оқу жылында білім беру ұйымдарына 159 жас маман жұмысқа орналасты.
Ақмола облысы өзінің талантты және біліктілігі жоғары педагогикалық қызметкерлерімен орынды түрде мақтана алады. Сіздер жылдам өзгеріп жатқан әлемде жаңа іргелі білімдерді қолдануға қабілеті мол құзыретті жастарды тәрбиелеу жөнінде қойылған міндеттерді табысты жүзеге асырып келесіздер. Осы бір айтулы мереке күні сіздердің таңдап алған мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Әсіресе, жас ақмолалықтардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеген педагогикалық еңбектің ардагерлеріне ризашылығым айрықша. Сіздерге зор денсаулық, өмірдің бар жақсылығын, Қазақстан Республикасының игілігі жолында сарқылмас күш-жігер мен жаңа табыстар тілеймін!
Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы.