Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қалдырған ізің мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып... - АРҚА АЖАРЫ

Қалдырған ізің мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып…

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Көкшетау» мәдениет сарайында болып өткен Мұғалім күніне арналған салтанатты жиналыста

өңіріміздің барша педагогтар қауымын төл мерекесімен құттықтап, білім саласының дамуына лайықты үлес қосып келе жатқан таңдаулы ұстаздарға сый-құрмет көрсетті.

– Қалыптасқан дәстүр бойынша қазан айының алғашқы аптасында біздер үшін ең қымбатты да кәсіби мерекелерінің бірі – Мұғалім күні аталып өтеді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Ұстаз! Осы бір аяулы сөздің астарында қаншама киелі құдірет, ұлағатты ұғым жатыр. Адам баласы не заманнан бері жаңаны үйреніп, ғылымды игеріп білімді тоқумен келеді. Қай кезеңде болмасын тәлім мен тәрбие беру ең ұлы мұрат. Осыған орай, Мұғалім күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ұлағатты мереке. Бүгінде біздің өңірде әлеуметтік сала қызметкерлерінің ең көп бөлігін құрайтын жиырма бір мыңнан астам педагог еңбек етеді. Облыста соңғы он жылда ұстаздар әулеттерінің саны айтарлықтай өсті. Мәселен, Зеренді ауданының Қызылтаң ауылындағы Жайықбаевтар отбасының педагогикалық еңбек өтілі 427 жылды құрайды. Өз мамандықтары бойынша жылдан-жылға үздік нәтижелерге жетіп келе жатқан ұстаздар саны да ұлғая түсуде. Айталық, «Үздік педагог-2019» республикалық байқауында облысымыздың үш педагогы жеңімпаз атанды. Үздіктер қатарында Атбасар ауданы
№ 4 «Еркежан» балабақшасының тәрбиешісі Нина Сахнова, Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілді оқыту бейіндік мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Самал Ахметжанова, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің педагогика оқытушысы Бақытгүл Батанасова бар. Біздің облыста қазіргі заманауи жабдықталған мектептер баршылық. Жыл соңына дейін осындай тағы 3 мектеп пайдалануға беріледі. Білім берудің дұрыс қалыптасқан жүйесінің арқасында мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық жағдай жақсарады. Президент ауылдық жерлердегі білім беру саласына баса назар аударды. Ауылдық және қалалық балаларда бірдей жағдай болуы тиіс. Осы орайда, біз алдағы уақытта ауылдық мектептермен жұмыс істейтін ресурстық орталықтарды дамытып, қолдау көрсетеміз. Оларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» стандарты бойынша жабдықтаймыз. Облыстың әр аймағында үздік жалпы білім беретін мектептер базасында «гимназия» және «лицей» мәртебесі бар мектептер қатарын арттыруды жоспарлап отырмыз, – деген облыс әкімі осы орайда білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашыл бағыт ұстанып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын еңбегі орасан мұғалімдерге алғысын білдіре келіп, бірқатар ұлағатты ұстаздарға сый-сияпат табыс етті.
Айта кетуіміз керек, өңірімізде жоғары біліктілік санаты бар 2005 педагог және бірінші санатты 4152 мұғалім еңбек етеді. Сонымен қатар, 5560 педагог жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өтті, бұл жалпы санның 30 пайызын құрап отыр. 2019 жылы өткізілген аттестаттау қорытындысы бойынша жаңа жүйеге сәйкес облыстың 5560 мұғалімі оқытылды, оның ішінде педагог-модераторлар – 1645, педагог-сарапшылар – 2344, педагог-зерттеушілер – 1522, педагог-шеберлер – 49 адам. 1 қыркүйектен бастап олар 30 пайыздан 50 пайызға дейін қосымша ақы алатын болады. Сондай-ақ, «Өрлеу» филиалында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2283 педагог және педагогикалық шеберлік орталығында 1353 педагог оқытылды.
Салтанатты жиында педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін бірнеше ұстаздар Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Ыбырай Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Білім және ғылым министрінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар мұғалімдерге облыс әкімінің Алғыс хаттары және «Бурабай-Дисковери» сауықтыру орталығына жолдамалар мен еліміздің болашақ интеллектуалдық әлеуетін дамытуға өз үлестерін қосып, халықаралық білім сайыстарында шәкірттері қатысып, жеңімпаз атанған ұстаздарға елеулі еңбектері үшін 100 мың теңге көлемінде сертификаттар табыс етілді.
Салтанатты жиын соңы сәні мен әні жарасқан концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар