Құрметті аға ұрпақ өкілдері!
Сіздердің баршаңызды жылына бір рет келетін 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін!
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Бүгінгі таңда да ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі іні-қарындастарына ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауым елге бас-көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны әрқашан бөлек. Әрине, осы уақыт ішінде облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз де ерен. Өз қолдарыңызбен талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін сол қажыр-қайраттарыңыздың зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
Олай болса, алдағы уақытта да дендеріңіз сау болып, осы дәстүрден таймай, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Өмір жастарыңыз ұзақ, көрер қызықтарыңыз мол болсын!
Әлібек Баймағамбетов,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.