Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа маусымда –жаңашылдық! - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа маусымда –жаңашылдық!

Ақмола облыстық орыс драма театрының жаңа маусымына орай, театр директоры Бейбіт Бақтыгереев, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Жиынға Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, қоюшы-режиссер Гүлнәр Қанафина, труппа меңгерушісі Надежда Слепцова және театр актерлері қатысып, жаңа маусымда көрермендерге қандай сый-таралғы тарту ететіндерін сөз етіп, дайындық жұмыстары туралы кеңінен әңгімеледі.

– Жаңа маусымның шымылдығы 4 қазан күні – Рақымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» тарихи драмасымен ашылады. Жалпы, биылғы маусымның жаңалығы өте көп. Мәселен, біз ағымдағы жылы халықаралық театрлар фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол қазан айының 30 күні басталып, қараша айының 4-іне дейін жалғасатын болады. Аталмыш шараның басты мақсаты – театр өнері саласындағы ынтымақтастықты күшейту мен мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығаюына үлес қосу болып табылады. Халықаралық фестивальге Грузия, Ресей, Германия, Қырғызстан, Қазақстан елдерінен барлығы 14 театр қатысады деп күтілуде. Фестиваль аясында әлемге танымал театр тарландары өз тәжірибелерін ортаға салып, шеберлік сыныптарын өткізеді. Сахна тілі, актерлік шеберлік сияқты дәрістерді өнер тарландарының өздері жүргізетін болады. Бұл таптырмас мүмкіндік, – деп бастады театр директоры Бейбіт Салауатұлы. – Сонымен қатар, көптеген гастрольдік сапарлар, жаңа премьералар да жопарланған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағадарламасы аясында біз Тәуелсіздік күні қарсаңында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, драматург, өзіміздің жерлесіміз Жабал Ерғалиұлының «Қилы жол» драмасының премьерасы болады. Біздің ұжымның арнайы шақыртуымен ақтаулық қоюшы-суретші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Гүлнәр Қанафина да аталмыш қойылымға ат салысып, көкшелік көрермендерге жаңа көзқарас, жаңа шешім ұсынбақшы. Жоғарыда айтып өткенімдей, биылғы маусымда гастрольдік сапарлар көптеп жоспарланған. Мәселен, ағымдағы жылдың қазан айының 8-10 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар театры Көкшетау қаласына гастрольдік сапармен келсе, біздің труппа 9-11 күндері Нұр-Сұлтан қаласына барады. Елордалық өнерсүйер қауымға «Бейбарыс» және «Жауын вальсі» қойылымдарын көрсетеміз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы, труппаның шыңдала түсуі, ізденісін тереңдетуі көрермен талабына да байланыс-
ты. Сондықтан, жаңа маусымда ақмолалық, көкшетаулық театр жаңашырларының саны көбейіп, актерлердің шабытын шалқытар мол қошамет көрсетілер деп сенеміз, –дейді театр директоры.
Баспасөз мәслихаты барысында журналистер өнер саласына байланысты өздерін толғандырған көкейтесті мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, оған толыққанды жауаптар алды.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажары» газетінің өз тілшісі.

Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар