Азия чемпионатында үш медаль иеленді

Көкшетаулық шахматшы 58 жастағы Серікбай Темірбаев 10-шы Азия чемпионатында топ жарды. Жерлесіміз бір алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Алматы қаласында өткен жарысқа Азия және Океанияның 17 елінен 70 спортшы қатысып, бақ сынаған. Чемпионат тоғыз раунд бойынша Швейцария әдісімен өтті. Классикалық шахматқа жасы 50-ден асқан ересектер қатысты. Ұлттық құрама сапында болған көкшетаулық Серікбай Темірбаев жоғары нәтиже көрсетті.
Халықаралық гроссмейстер 50-65 жастағылар арасында «Рапид» әдісі бойынша чемпион атанса, «Классика» әдісі бойынша екінші, «Блиц» әдісі бойынша үшінші орын алды. Ал, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер Ханиф Хусаинов 65 және одан жоғары жастағылар арасында «Рапид» және «Классика» әдістері бойынша қола жүлдеге қол жеткізді. Сонымен бірге, ол ФИДЕ шеберінің нормативін орындады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар