Бұланды ауданының әкімі Талғат Ерсейітов Макинск қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңадан салынған үйден тұрғындарға 40 пәтердің кілтін салтанатты жағдайда тапсырып, қуаныш иелерін құттықтап, шаңырақтарына шаттық тіледі.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, аталмыш тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған. Бұл тұрғын үйде бір бөлмелі 20, екі бөлмелі 12 және үш бөлмелі 8 пәтер бар екен.
Жаңа үйден баспана негізінен көп балалы аналарға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, жетімдер мен 29 жасқа толмаған жастарға берілді.
Аудан бойынша алдағы уақытта да «Нұрлы жер» бағдарламасы бо-йынша тұрғын үй салу кең көлемде жүргізілетін болады. Бұл үшін зор мүмкіндік бар.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.