Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зеренді ауданына әкім тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Зеренді ауданына әкім тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Зеренді аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясына қатысып, депутаттардың толық келісімін алғаннан кейін ауданға жаңа әкімді тағайындады және актив жиналысын өткізіп, жаңа әкім Бауыржан Ғайсаны таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауы негізінде облыс әкімінің өкімімен Бауыржан Ғайса Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды.
Бауыржан Сейітқалиұлы 1972 жылы Көкшетау облысы Куйбышев ауданында туған. Білімі жоғары, 1996 жылы Челябі мемлекеттік агроинженер университетін «инженер-механик», 2006 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «есеп және аудит бакалавры», 2014 жылы Кутно қаласындағы (Польша) мемлекеттік экономика жоғарғы мектебін «Еуропа Одағындағы мемлекет қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы жұмысшы болып бастаған. 1992-1994 жылдары Қостанай облысының Затобол кентіндегі «Күміс» шағын кәсіпорнында еңбек етті. 1994-2011 жылдары бірқатар жеке кәсіпорындарда басшылық қызметте болды. 2013 жылдың сәуір айынан бастап «Nur-Otan» партиясының Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014-2016 жылдары «Nur-Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды. 2016-2018 жылдары Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2018-2019 жылдары Қорғалжын ауданының әкімі.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары-іс басқарушы лауазымын атқарды.
Актив жиналысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев Бауыржан Ғайса мен аудан активінің алдына бірқатар міндеттер қойды. Олардың ішінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдарды жөндеу және салу, аудан экономикасы саласын одан әрі дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар