Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіподақтарының әр күні абыройлы - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіподақтарының әр күні абыройлы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты шараға қатысып,

бірқатар азаматтарды өз салалары бойынша кәсіподақтардың дамуына қосқан үлестері үшін Алғыс хаттармен марапаттады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің үстіміздегі жылғы Қаулысымен 10 қазан елімізде Кәсіподақтар күні болып белгіленген болатын. Биыл аталмыш мереке алғаш рет атап өтілуде. Көкшетауда өткен Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты шараға облыс әкімі Ермек Маржықпаев арнайы қатысып, кәсіподақ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады.
– Кәсіподақтар күнінің Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелердің бірі ретінде бекітілуі еңбеккерлердің құқығын және әлеуметтік кепілдіктерін қорғау бағытындағы кәсіподақтардың жұмысын тану болып табылады. Бүгінде кәсіподақтар қандай да бір саяси, әлеуметтік-экономикалық басқаруға қарамастан, әлемнің барлық мемлекеттерінде жұмыс істейді. Аталмыш ұйымдар мемлекетіміздің саяси жүйесіне белсене араласатын азаматтық қоғамның бөлігі болып саналады. Қазіргі таңда облысымыздағы алты мыңнан астам кәсіпорында ұжымдық келісімшарттар жасалған.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге арналған мақсатты жұмыстардың нәтижесінде алты мыңға жуық меморандумға қол қойылып, 100 мың жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік жасалды, – дей келе, облыс әкімі өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келе жатқан бірқатар кәсіподақ белсенділеріне Алғыс хаттар табыс етті.
Мұндай марапатқа ие болғандардың қатарында «Камаз-Инжиниринг» акционерлік қоғамының бас директоры Сергей Кистин, «Алтынтау-Көкшетау» акционерлік қоғамының жүргізушісі Ербол Жүсіпбеков, «Қазақалтын» акционерлік қоғамының қызметкері Сергей Новиков, «Шаңырақ» кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Рахымбеков бар.
Сондай-ақ, бұл күні бір топ ақмолалықтар «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының құрмет грамоталарымен марапатталды. Оларға марапаттарын Банктер мен мемлекеттік және қоғамдық қызмет көрсету мекемелері қызметшілерінің республикалық кәсіподағының төрағасы Мейірболат Жақыпов өз қолымен табыс етті.
Ақмола облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов орталықтың атқарған жұмысы туралы баяндама жасады. «Тыныс» акционерлік қоғамының бас директоры Қайрат Қалманбаев, Аршалы ауданындағы «Агрофирма Поиск» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіподақтар ұйымының төрайымы Татьяна Деревянко мен Көкшетаудағы «Айша» балабақшасының кәсіподақтар ұйымының төрайымы Алтын Орынбаева кәсіподақтардың араласуымен жасалынған игілікті істер жайында айтып берді. Салалық кәсіподақтар арасында өткен спартакиада жүлдегерлеріне ақшалай сыйлық пен кәсіподақ кубогы табыс етілді. Облысымыздағы кәсіподақтар қозғалысының ардагері Кеңес Бекішев құттықтау тілегін жеткізсе, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің «Сенім» кәсіподағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Серік Кәкенов №2 облыстық көпбейінді ауруханасының бөлімше меңгерушісі Алмас Қажытаевқа 1 940 000 теңге көлемінде тұрғын үй сертификатын, медицина саласының тағы он қызметкеріне қайырымдылық сертификаттарын табыстады.
Айта кетейік, салтанатты кездесуден кейін облыс әкімі Ермек Маржықпаев Сәтпаев көшесі 1Б ғимаратта орналасқан «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар