Колледждегі келісті шара

Жуырда Көкшетау жоғары техникалық колледжінде қазақтың данышпан ақыны мен ойшылы ұлы Абайдың шығармашылығына арналған «Абай – дара, Абай –дана қазақта!» атты іс-шара болып өтті.

Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,–
деп төрелігін өзі айтқан Абай Құнанбайұлы бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді және мәңгі өмір сүре бермек. «Асыл мұра» ансамбілінің орындауы-
нда «Қазақ биімен» ашылған шарада Анастасия Кулиш және Усман Газиков Абай атамыздың қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдайалды ақын екенін, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен бір қатарда тұрғанын баяндап берді. Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі терең ашылған. Бұл тұрғыда Әли Қабдөшев пен Әнел Ақмағамбетова, Абзал Есімов, Аружан Көшкінбаева өз өнерлерін ортаға салды.
Одан әрі қатысушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауабын бергендерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да дана тұлға Абай қазақ поэ-
зиясына орасан зор үлес қосқаны белгілі. Сондықтан, келесі сәтте жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырған Абай әндеріне кезек берілді. Осылайша аталмыш колледжде «Сәулет» мамандығы бойынша білім алып жатқан А-19 тобының бірінші курс студенттерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Абай – дана, Абай – дара, қазақта!» атты іс-шара өз мәресіне жетті.
Танымы мол шара соңында ағайынды Азамат пен Мақсат Ақтаевтар өздері салған Абай портретін колледж директоры Ақнұр Қабиденқызына табыс етіп, оқу орны мұражайын тағы бір елеулі жәдігермен толықтырды.
Арайлым АРЫСТАНОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар