Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шаң басқан архивтерден ақиқат іздеп - АРҚА АЖАРЫ

Шаң басқан архивтерден ақиқат іздеп

Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішев ағамыздан кейін Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметін архив құжаттары арқылы дендеп зерттеп жүрген қаламгерлеріміздің бірі – Амантай Кәкен.

Оның бұған дейін баспадан шыққан «Сәкен шындығын діттегенде немесе НКВД құжаттары шерткен сыр», «Қазақтың Сәкені», «Непокоренный сын степи», «Сәкен Сейфуллин», «Сәкен тағылымы» және «Сәкен жолы» атты кітаптары халқымыздың біртуар перзентінің өмірінен тағылымды сыр шертуімен, бұл орайда, архивті сөйлетіп, ақиқатын айтуымен өте құнды дүниелер. Автор осы кітаптарын жазу барысында Сәкен Сейфуллиннің 1937 жылы қолдан жасалған қылмыстық ісінің үш томын, НКВД-ның басқа да құпия құжаттарын қолына ұстап, зерттеп шыққан. Бұған бір жағынан, жазушының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің полковнигі екендігі де оң ықпалын тигізбей қоймағандығы байқалады.
Әрине, құпия аралдар сияқты, әлі күнге дейін өзі жақтап, өзі бірге құрысқан кеңес үкіметінің айла-шарғысына түсіп қалған Сәкен ағамыздың да тағдырының ашылмаған тұстары жоқ емес, баршылық. Соны архивтерден әлі де тірнектеп жинас-
тырып, жалғанның жарығына шығарып келе жатқан Амантай Кәкеннің осы орайдағы табандылығы кімді болсын риза еткендей. Жуырда ғана баспадан жарық көрген автордың «Сәкен ақиқаты» кітабын осының нақты дәлелі десек, бір артықтығы жоқ.
Өзі жиырма бес жылдан астам уақыт бойы зерттеп жүрген кейіпкерінің 125 жылдық мерейтойында да жайбарақат қала алмай, осындай тарту жасаған Амантай Кәкеннің бұл жаңа жинағына бұрын еш жерде жарияланбаған еңбектері енген. Солардың бәрі жоғарыда аңғартқанымыздай, архив қазынасынан аршып алынып, еленіп екшелген дүниелер. Солардың ішінде автор Сәкен Сейфуллин өмірінің бұған дейінгі көп ескеріле бермеген беймәлім тұстарына, мәселен, Халық Комиссарлары Кеңесіндегі қызметіне де қалам тартады. Сәкеннің басынан өткен үлкенді-кішілі оқиғаларды, оның ұлт мүддесі жолындағы күрескерлік қажыр-қайратын сол кездегі ақынның айналасымен, етек алып келе жатқан кеңестік жүйенің оспадарлығымен біртұтас сипатта қарастырып, өзіндік тұжырым, түйін жасай біледі.
Оқырмандарды қызықтыратын әрі ойландыратын тұстары жетіп артылатын кітап қалың көпшілікке арналған. Автордың Сәкен туралы алғашқы еңбегі жарық көргенінде рухтас ағасы, ұлтымыздың бас-
ты Сәкентанушысы Тұрсынбек Кәкішев қуанышын «Біріншіден, Сәкентану соны да сүбелі еңбекпен толысып отыр. Екіншіден, зерттеу еңбектерінде бұрын соңды кездес-
пеген, яғни, Сәкен өмірінің ең трагедиялық сәтін, әсіре тергеуші хаттамаларына кәсіби көзбен қарап, «ішек-қарнын» ашқаны, талай сұмдықтардың сырын суыртпақтап шығаруы дер едім. Үшіншіден, тергеушілік пен әдебиетшіліктің Амантай бойына қисынын тауып қиысуы, төртіншіден, ой мен оқиғаны, дерек пен ақпаратты, өсек аян мен жалғандықты оралымды тілмен нұсқалы жеткізуі дер едім», деген жолдармен білдіріп еді.
Содан бері де Амантай Кәкен осы қаламгерлік әрі зерттеушілік мұратына адал. Мұны оқырманға жол тартқан кезекті «Сәкен ақиқаты» кітабы да айқын аңғарта түседі.
Қ.Кәкенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар