Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ақсай нанның» өнімдеріне сұраныс жоғары - АРҚА АЖАРЫ

«Ақсай нанның» өнімдеріне сұраныс жоғары

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр кентінде болып,

осындағы «Ақсай нан Көкшетау» кәсіпорнының ұжымын биыл елімізде тұңғыш рет аталып өткен Дүниежүзілік Нан күні мерекесімен құттықтап, ел үшін атқарып жатқан игілікті істеріне сәттілік тіледі.

Алматы қаласындағы бүкіл елімізге танымал «Ақсай» тоқаш нан комбинаты» серіктестігінің біздің облысымыздағы филиалы болып саналатын «Ақсай нан Көкшетау» серіктестігі бүгінгі таңда өңірдегі нан пісіретін алдыңғы қатарлы зауыттардың біріне айналып отыр. Кәсіпорында болған облыс әкімі нан өнімдері қойылған көрме мен нан пісіру цехтарын аралап көрді.
Серіктестік басшысы Сәуле Соболевскаяның айтуынша, кәсіпорын өндірісте осы заманғы технологияны қолдана отырып, елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
– Қазір кәсіпорында 200-ге жуық адам еңбек етіп, тұтынушыларын сапалы әрі дәмді нан өнімдерімен қамтамасыз етуде. Күн сайын 8-9 тоннаға жуық кондитерлік, кепкен және тоқаш нан өнімдерінің елуден астам түрін шығарамыз, – дейді кәсіпорын директоры Сәуле Соболевская.
Сонымен қатар, облыс әкімі ұжыммен кездесіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын сұрап білді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында еліміздің басты байлығы нан өндірісінде наубайханашылар, механизаторлар және диқандардың еңбегін ерекше атап өтті. Бұдан бөлек, биылғы жылы ақмолалық диқандардың мол астық алғанын және әлеуметтік нан бағасының тұрақты болуын тапсырды.
– Бүгінгі күн ерекше. Елімізде тұңғыш рет Нан күнін атап өтіп отырмыз. Қазақстандықтар үшін ас атасы – нанның орны бөлек. Баршаңызды осынау мерекемен құттықтаймын, – деді Ермек Маржықпаев және өңір тұрғындарын сапалы нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын ұжымының еңбегіне сәттілік тілеп, Алғыс хат табыс етті.
Өз кезегінде кәсіпорын ұжымы да уақыт тауып құттықтауға арнайы келген облыс басшысына шынайы алғыстарын білдірді.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының», өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар