«Tengri Bank» АҚ өз клиенттеріне қандай кепілдіктер ұсынады?

Кепілдіктер – «Tengri Bank» АҚ негізгі және алдыңғы қатарлы өнімдерінің бірі. Қаржы ұйымы кепілдіктердің төрт түрін ұсынуға дайын, ал Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігінің банкке берген «В2» рейтингі және тұрақты болжамы клиенттерге ірі ұлттық компаниялардың тендерлері мен сатып алуларына қатысуға мүмкіндік береді.
«Tengri Bank» АҚ Көкшетау қаласы филиалының директоры Ербол Серікұлы Аяғанов мәлімдегендей, «Tengri Bank» АҚ клиенттері кепілдіктердің келесі түрлеріне: тендерлік, халықаралық, міндеттемелерді орындау кепілдіктері мен аванстық төлемді қайтару кепілдіктеріне ие бола алады.

Одан бөлек, «Tengri Bank» АҚ шетелде жұмыс істейтін Қазақстан компаниялары үшін халықаралық кепілдіктерді шығаруда мол тәжірибеге ие.
«Tengri Bank» АҚ-на кепілдіктер үшін жүгінгендерге ағымдағы шот тегін ашылады, оларға жедел қызмет көрсетіледі. Оған қоса, клиенттер географиясын кеңейтуге және Банк-Клиент сервисі арқылы тұтастыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін электрондық кепілдіктерге ие болу мүмкіндігі де қарастырылған.
Банк қызметкерлері клиенттерге барынша ыңғайлы жағдай жасауда және бір сағат ішінде қажетті кепілдікті шығару бойынша шешім қабылдайды.
Сандар туралы айтатын болсақ, 2019 жылдың басынан бастап банктің Көкшетау қалалық филиалында клиенттерге жалпы сомасы 600 миллионнан астам теңгеге 160 тендерлік кепілдік, жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге 62 аванстық төлемді қайтару кепілдіктері мен міндеттемелерді орындау кепілдіктері шығарған.
Ербол Серікұлы соның нәтижесінде клиенттеріміз ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, күрделі жөндеу жұмыстары, ғимараттар мен құрылыстар салу, сумен жабдықтау, аумақты тазалау және көгалдандыру жүйелерінің құрылысы және т.б. салалардағы жобаларын жүзеге асыруға кірісіп кеткенін атап өтті. Банктің жоғары рейтингі клиенттерге мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы құрылымдар мен мемлекеттік, соның ішінде Азия даму банкі 15 миллиард теңгеден астам сомаға қаржыландыратын халықаралық келісімшарттар аясындағы сатып алуларға қатысуға жағдай жасауда.
«Жоғарыда көрсетілген сандар «Tengri Bank» АҚ осы өнімге баса назар аударатынына және кепілдікті шығаруда клиенттерге әркез көмектесуге дайын екеніне дәлел», – деп атап өтті банктегілер.
Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігі банкке тұрақты болжам мен «В2» рейтингін бергенін атап өткен жөн, соның арқасында «Tengri Bank» АҚ клиенттері тендерлер мен сатып алуларға еш кедергісіз қатыса алады.
Сізді филиалымызда төмендегі мекен-жай бойынша күтеміз:
Көкшетау қ., М. Ғабдуллин к-сі, 40 «Б».
Телефондары:
+7 (7162) 91 00 01 – жалпы нөмері (ішкі нөмерді теруді ұсынатын дауыс)
+7 (7162) 91 00 60 – БББ, Операциялық қызмет көрсету бөлімі
+7 (7162) 91 00 61 – Шағын және орта бизнесті кредиттеу бөлімі
+7 (7162) 91 00 62 – Қабылдау бөлімі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар