Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы беру тәртібі түсіндірілді - АРҚА АЖАРЫ

Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы беру тәртібі түсіндірілді

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен көп балалы аналар өздерін толғандырған әлеуметтік қорғау мәселелері бо-йынша салалық басқармалардың басшыларымен кездесті.

Облыс бойынша аз қамтылған отбасыларды, көп балалы аналарды және мүмкіншіліктері шектеулі балаларды тәрбиелейтін аналарды жалпы республикалық қолдау туралы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина атау-лы әлеуметтік көмек берудің жаңадан енгізілген ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар, аналар тарапынан қойылған біраз сұрақтарға жауап берді. «Атау-
лы әлеуметтік көмек беру кезінде неге менің студент балама қаржы есептелмеді?» – деген сұраққа да жауап берілді. Кездесу барысында шет елде білім алып жүрген, кәмелет жасына толмаған балаларға не себепті атаулы әлеуметтік көмек көрсетілмейтіні де айтылды. Көп балалы отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілу үшін балалардың барлығы жергілікті мекен-жай бойынша тұрақты тіркеуде болуы қажет. Ал, еліміздің өзге қалаларында білім алып жүрген болса, ол жақта тек уақытша тіркеуде болып, тұрақты тіркеуде өз үйінде тұруы тиіс екен.
Сонымен бірге, көп балалы аналарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған жиынға Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, білім басқармасы және Көкшетау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты. Ата-аналар әр сала бойынша ортаға шығып сөйлеген мамандарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, түрлі мәселелерін ортаға салып жатты. Көп қойылған сұрақтардың бірі – балалардың мектепте ыстық тамақпен қамтылуы жөнінде болды. Осындай сұрақтарға толыққанды жауап алған көп балалы аналар біраз мәліметтерге қанықты. Ал, күрмеуі күрделі мәселелер бойынша келген ата-аналарға мамандар міндетті түрде көмек көрсететіндіктерін айтып, аты-жөнін жазып алды. Шара соңында «Отбасы мектебі» қоғамдық қоры келушілерге өз сыйлықтарын үлестіріп берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар