Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кешегі «ұйқылы» Калачи елді мекенінің бүгінгі ахуалы - АРҚА АЖАРЫ

Кешегі «ұйқылы» Калачи елді мекенінің бүгінгі ахуалы

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында Жақсы, Есіл аудандарындағы бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының атқарған игілікті істерімен таныстық.

Алдымен, біз Калачи селосында болдық. Красногорский кентінің әкімі Сағит Жармағамбетовтың айтуынша, бұл селода 110, Красногорск кентінде 18 отбасы мекендейді екен. Кенттегі қаңырап бос тұрған бірнеше бес қабатты тұрғын үйлерге қарап тұрып, кезінде бұл жер қайнаған еңбек пен өмірдің ошағы болғанын көз алдымызға елестеттік. Кеңес заманында бұл елді мекендердің маңында уран өндіріліп, Красногорск кенті Мәскеудің тікелей қамқорлығында болды. Кен орны жабылған соң, кент тұрғындары өз тарихи отанына қоныс аударыпты.
Осыдан бірер жыл бұрын Калачи селосы тұрғындарының арасында «ұйқы» ауруы пайда болғаны белгілі. Мұндағы барлық тұрғындар үшін аудан орталығы мен селоларда тұрғын үйлер салынып, көбі қоныс аударды. Қазір Калачи селосында тұратын тұрғындардың дені зейнеткер. Жастар жергілікті шаруашылықта, кейбіреуі вахталық әдіспен өзге кәсіпорындарда жұмыс істейді.
– Бұрын зейнеткерлер ауыз суды алыстағы колонкадан тасымалдап ішіп жүрді. Әрине, бұл жұмыс қарт адамдар үшін қыс айларында қиынға соғатыны белгілі. Осы орайда, жергілікті әкімдіктен үйімізге су құбырын тартып беруін өтіндік. Олар орталық су құбырын өз қаржысына тартты. Тұрғын үйге дейін тартылған су құбырының жұмысы тұрғындардың қаржысымен жүргізілді,–дейді село тұрғыны Таисия Чуркина. Су құбырын Қайрат Әлібеков басқаратын «Рау Агро» серіктестігі мен жеке кәсіпкер Самбэл Шагинян тартып беріпті.
–Қазір селодағы 14 үйдің ішіне де су құбыры тартылды. Су жылытатын «Аристон» мен су есептегіш орнатып алдық. Судың ақысын су мұнарасы мен су құбырларының иесі Самбэл Шагинянға төлейміз. Степной көшесінде 1990 жылдан бері су құбыры болған жоқ. Ауыз суды Красногорск кентінен тасымалдап ішетінбіз. Қыс айларында мал өзенде суарылды. Су құбырын тарту жұмысын жүзеге асыруға атсалысқан кент әкімі мен жергілікті басшыларға шын жүректен алғысымды білдіремін. Алдағы күндері су құбырларының үсті топырақпен жабылатыны көңіліме қуаныш ұялатты. Бұл жұмыс егін орағына байланысты кейінге қалдырылған еді,–дейді Марина Корогез.
Бұдан кейін Есіл қаласының «Тамақ комбинаты» шағын ауданына келдік. Бұл аудандағы 13 жер үйге жуырда жылу құбыры тартылыпты.
– Бүгінгі күнге дейін пеш жағып келдік. Қариялар үшін отынмен кіріп, күлмен шығу оңай шаруа емес. Қала әкіміне орталық құбырдан Жеңіс және Космонавтар көшесіндегі әр үйге жылу құбырын тартып беру жөнінде өтініш жаздық. Өтінішіміз бірден жүзеге асты. Енді отын мен көмір дайындамаймыз. Күл шығару мәселесі туындамайды. Осы орайда, Есіл қаласының әкімі мен қалалық коммуналдық шаруашылығына алғысымыз шексіз,–дейді зейнеткер Зағыпан Әшенова, шағын аудан тұрғындары Надежда Зеленская, Жанат Тасмағамбетов, Алмас Әшенов.
Баспасөз туры Жақсы ауданының орталығында жалғасын тапты. Мұнда Светлана Кисель «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша «Велес» дүкенін ашыпты. Дүкенде азық-түлік тағамдарының түр-түрі сатылады. Оның ішінде жергілікті кәсіпорындардың нан, ет және сүт өнімдерін көзіміз шалды. Дүкен иесін әңгімеге тарттық.
– Мамандығым мұғалім. Тұрмыс тауқыметіне байланысты сауда саласына ауыстым. Бірқатар дүкендерде сатушы болдым. Кейін өз дүкенімді ашуға бел буып, оны жүзеге асырдым. «Жас кәсіпкер» бағдарламасының курсында оқыдым. Бизнес-жоспар жасап, сауда қондырғыларын сатып алуға жеңілдікпен несие алдым. Несиені бір жылдан кейін қайтара бастаймын. Осы уақытта қор жасап аламын. Осы бағытта демалыссыз жұмыс істеудеміз. Екі жұмыс орнын ашып, сатушылар үшін барлық жағдайды жасадым,–дейді Светлана Кисель.
Жақсы ауданының тұрғындары өз туған жеріне біршама игілікті іс жасаған «ТNK» серіктестігінің бас директоры Батырбек Уәлиевті мақтаныш тұтып, құрметтейді. Оның қарамағындағы еншілес «Труд» серіктестігі Киевский селосында орналасқан. Жуырда серіктестіктің 12 миллион 779 мың 558 теңгесіне Василий Рагузов атындағы тың және еңбек даңқы музейінің ескі үйі бұзылып, оның орнына жаңа ғимарат салынды. Біз жаңа салынған музейде болып, селоның тарихымен таныстық. Тың және тыңайған жерлерді игеруге келген Василий Рагузов 1953 жылы құрылған осы кеңшардың алғашқы прорабы болыпты. Музей меңгерушісі Ирина Гуляеваның айтуынша, кеңшардың алғашқы директоры Луки Нестеренко болған екен. Бүгінгі күні оның ұрпақтары осы селода еңбек етуде. Елді мекеннің қазығы қағылған жерде шаруашылық кеңсесі бой көтерген. Музей меңгерушісі алғашқы жер жыртқан механизаторлар, комсомол жолдамалары, альбомдар, кеңшар мен әлеуметтік нысандар, еңбек адамдарының наградалары жөнінде айтып берді. Сол жылдары Ленинград пен Днепропетровск қаласынан Киевскийге 149 адам қоныс аударыпты. Музейде кеңшар басшылары, еңбек адамдары, отбасы әулеті, соғыс және еңбек ардагерлері, спорт жетістіктері жөнінде сыр шертетін материалдар мен мұрағаттар өте көп. Бұл игілікті істі Жақсы ауданының құрметті азаматшасы, сол жылдардағы мектеп директоры Фрида Ульяновна бастаған екен. Музейдің бұрынғы үйі 1978 жылы салыныпты.Василий Рагузов Львов қаласындағы политехникалық институтты тәмамдағаннан кейін «Киев» кеңшарына келген екен. Алғашқы жылы бірнеше саман үй, кейін наубайхана салыпты. Сол жылдары салынған Парк көшесіндегі үйлер бүгінгі күнге дейін сақталған.
– Василий Рагузов 1954 жылдың қыс айында Перекатный станциясына құрылыс материалдарын әкелуге барады. Келе жатқанда кенеттен боран тұрып, бұлар жолдан адасады. Прораб бірнеше трактордың жанар-жағармайын бір тракторға құйғызып, еңбеккерлерді бір шанадағы вагонға отырғызады. Өзі көмек шақыру үшін Киевскийге жаяу жүріп кетеді. Селодан үш шақырым жердегі төбеде денесі үсіп, өмірден өтеді. Оның мүрдесі тек көктем айында табылып, Атбасар қаласына жерленген екен. Қайтар алдында жұбайы мен екі ұлына хат жазыпты. Бір ұлы әкесінің жолын қуып, политехникалық институтқа түседі. Студенттік құрылыс отрядымен Киевскийге келіп, жұмыс істепті. Қазір бұл төбе Рагузовтың есімімен аталады. Адамдардың өмірін сақтап қаламын деп өз өмірін пида еткен прорабты жерлестері бүгінгі күнге дейін ұмытқан емес,–дейді музей меңгерушісі. Іссапар соңында осы ауданда өткен Қазақстан бокс федерация-
сы кубогінің ширек финалдық ойынын тамашаладық.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар