Облыстық прокуратурада Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған байқау ұйымдастырылды.
Байқауға облыс және аудан прокуратураларының жас қызметкерлері қатысты. Әр халықтың ұлттық киімін киген прокуратура қызметкерлері Абайдың өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын, неміс және әзірбайжан тілдерінде оқыды. Әсіресе, аңызға айналған «Көзімнің қарасы» әні көрермендердің көңілінен шықты.
Сонымен қатар, прокуратура қызметкерлерінің балалары да іс-шарадан тыс қалмады. Балалар ақынның шығармаларын жатқа оқып, қуантты. Абай шығармалары халықтар арасындағы терең байланыстың, ізгі құрмет пен түсіністіктің нышанына айналды.
Шара соңында барлық қатысушы Ақмола облысы прокурорының естелік грамоталарымен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.