Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар кадр резервіне құжаттар тапсыру аяқталды - АРҚА АЖАРЫ

Жастар кадр резервіне құжаттар тапсыру аяқталды

Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді тіркеу кезеңі аяқталды. Тіркелген 13 мыңнан астам отандастарымыздың 7312-і қажетті құжаттарды жүктеп, белгіленген мерзімде тіркеуді сәтті аяқтады.

Бұл үшін оларға 30 күн берілді. Резервке тек 300 үздік және барынша дайындалған жастар қабылданады. Осылайша бір орынға 24 үміткерден келіп отыр.
Тізімде еліміздің барлық өңірлерінің өкілдерімен қатар, шетелдегі қазақстандықтар да бар. Үміткерлер арасында жастар ұйымдарының көшбасшылары, үкіметтік емес, бизнес және квазимемлекеттік сектор өкілдері, алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері және қатардағы мемлекеттік қызметшілер ұшырасады.
Олардың барлығы вербалды және сандық болып, екі блоктан құралатын іріктеудің екінші кезеңі – тестілеуге қатыса алады. Бұл – қатысушылардың күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Тестілер арнайы білімді бағаламайды, сондықтан, теориялық материалдар бойынша алдын ала дайындықты талап етпейді.
Қатысушылар тест және оның тексеруін Pkrezerv.kz онлайн-платформасы арқылы өтеді. Үміткерлер тестілеуден 12 қазанда өте алады.
Келесі кезеңдердің мерзімдері – эссе жазу, жобаларды таныстыру, құзыреттілікті бағалау, сараптамалық комиссияда әңгімелесу және Ұлттық комиссияда қатысушылардың кандидатураларын қарау туралы біз Pkrezerv.kz сайтында, Фейсбуктегі «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Президенттік жастар резерві» парақшаларында хабарлайтын боламыз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!

Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар