Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ Айдана Болатова мұғалім болуды армандайтын еді. Онжылдықты бітірген соң ол бірден Көкшетаудағы Жанайдар Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжіне құжат тапсырып, жолы болып оқуға түсті. Колледжді ойдағыдай аяқтаған ол өзі туып өскен ауылдағы Абай орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
Қазір Айдана тәжірибелі маман, екінші сыныпқа сабақ береді. Сабақтарында түрлі дәстүрді емес оқыту тәсілдерін пайдаланып тұрады. Ол мектептің қоғамдық өміріне де белсене қатысып отырады. Түрлі мәдени-көпшілік шаралардан сырт қалған емес.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.