Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Арқаның асқақ әндері шырқалды - АРҚА АЖАРЫ

Арқаның асқақ әндері шырқалды

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру және Жастар жылының аясында әнші-композитор Біржан салдың 185 жылдығы мен Балуан Шолақтың 155 жылдығына арналған «Арқа әуендері» аймақаралық дәстүрлі әншілер байқауының гала концерті өтті.

Қатысушылар өздері жолдаған бейнематериалдар бойынша іріктеліп алынған. Үлкен сахнаға сол іріктеу сынынан сүрінбей өткен он дәстүрлі әнші шығып, өнерлерін ортаға салды. Өнерпаздар Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан келді. Сонымен қатар, Бурабай, Целиноград аудандарынан, Көкшетау қаласынан қатысушылар болды.
Қазылар алқасының құрамында «Шабыт» халықаралық шығармашылық жас-тар фестивалінің лауреаты, Біржан сал атындағы музыкалық колледждің директоры Саян Мұхамедияров, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали және «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің лауреа-ты Элмира Төлеубаева, Республикалық байқаулардың лауреаты, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның әртісі Сәрсенбай Хасенов болды.
Бұл байқаудың талаптары бо-йынша қатысушылар жергілікті композиторлардың, сал-серілердің бір-бір әнін орындау қажет болатын. Ең бірінші ән мәтінін қаншалықты таза, әуенін келтіре орындағанына, күй қағыстарының жинақылығына мән берілді. Әннің шебер жеткізілуі мен дауыстың қуатына, орындаушының ән мәтінін қаншалықты түсініп, сезіне айтқанына баса назар аударылды.
Концерттің шымылдығын Целиноград ауданынан келген Рахат Бекасылов Біржан салдың «Жалғыз арша» әнімен ашты. Кеш бойы Арқа дүлдүлдері Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай мен Иман Жүсіптің кең тынысты әндері орындалды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқалидің айтуынша, ұлттық өнерді жандандыру, оны насихаттау ел келешегінің қорғаны болмақ.
–Жаһандану заманында әлемнің түкпір-түкпірінен ақпараттық ағым деген біздің қазақтың ұлттық идеологиясына жан-жақтан шабуыл жасап жатыр. Ал, осының бәріне қорған болатын, біздің қазақтың ұлттық өнері ғана. Кешегі Әміре, Біржандардың, Қали Байжанов, Жүсіпбек, Манарбек, Ғарифолла сынды мықты-мықты жампоз әншілердің сақталып жеткен үнтаспаларын, таза күйіндегі жазбаларын заманауи техникаларды пайдаланып, оны тазартып, жаңа цифрлық жүйеге енгізіп, жалпы бұқаралық халыққа жеткізуіміз, насихаттауымыз қажет, – дейді әнші. Сонымен бірге, ол кеш соңында қонақ кәде ретінде Абай атамыздың «Сегіз аяқ» әнін орындады.
Фестиваль қорытындысы бо-йынша үшінші орынды Бурабай
ауданынан келген Гүлім Құдысбек пен қарағандылық Ақжігіт Дәулетбек иеленсе, екінші орынды целиноградтық Рахат Бекасылов және Көкшетау қаласының өнерпазы Төлеген Ауанов жеңіп алды. Балуан Шолақ атындағы жүлдемен бірінші орынға ие болған көкшетаулық Шыңғыс Сәрсенбай марапатталды. Біржан сал атындағы бас жүлдені Солтүстік Қазақстан облысының қатысушысы Біржан Есжанов жеңіп алып, жүлдеге берілген домбырамен Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» әнін әуелете шырқады.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.
Суреттерді түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар