Қазақстан Республикасы Президентінің ел халқына арнаған Жолдауы еліміздің әр азаматының жұмысына моральдық әрі материалдық тұрғыдан қолдау көрсетуді көздейді.
Көп жылдық өтілі бар кәсіпкер ретінде Жолдау шағын бизнесті ұйымдастыру үшін үлкен мүмкіндік ашады деп айта аламын. Бұрын мен сияқты кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында көмек көрсетілді. Осының арқасында әріптестеріміздің негізгі бөлігі екінші деңгейлі банктер арқылы субсидия алуға мүмкіндік алды.
Ауыл тұрғыны ретінде Мемлекет басшысының «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды жалғастыру жөніндегі шешімін қолдаймын. Бағдарлама ауылды қолдауға бағытталған. Бұл бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесін Зеренді ауданының тұрғындары көре бастады. Ауданда жол құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ, білім мен мәдениет саласының нысандары жөнделіп жатыр.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында азаматтардың қауіпсіздігіне үлкен назар аударылғаны қуантады. Әрбір қазақстандық өзін қауіпсізбін деп сезінуі керек. Бұл мәселе алдыңғы қатарлы мемлекеттерде бірінші кезекте тұрады. Балаларымыз көшеде қорықпай жүруі керек. Әйелдердің де бойын қорқыныш билемеуі тиіс. Біз еліміздің нақты мақсаты мен нәтижелі ісі болғанын қалаймыз. Бүгінгі күні бәріміз еңбек етудің қажеттілігін түсінеміз. Ол үшін мемлекет тиісті үлкен мүмкіндіктерді ұсынуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасын толық қолдаймын. Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеті біздің мемлекеттің нақты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ететініне сенімім мол.
Қайратбек ХАМЗИН,
«Бөгенбай» шаруа қожалығының басшысы.
Зеренді ауданы.