Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкше өңірі туралы көркем туындылар жазылады - АРҚА АЖАРЫ

Көкше өңірі туралы көркем туындылар жазылады

Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде тарихи-әдеби өлкетануды дамыту шеңберінде «Жер шоқтығы – Көкшетау»

тақырыбында баспасөз конференциясы болып өтті. Шараға Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Бекназарова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, РһD докторы Ерболат Баят, жазушы, сатирик Ермахан Шайқы, жазушы Қанағат Әбілқайыр қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Көкше жері ежелден тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет. Өскелең ұрпақтың туған жердің тарихы мен мәдениетін оқып, зерделеуіне, жалпы, қызығушылықтары мен танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында қолға алынған жоба аясында алдағы уақытта ауқымды жоспарлар жүзеге асатын болады. Бұл жайында облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Саматқызы тарқатып айтып берді.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан тарихи-әдеби өлкетану жобасының басты мақсаты – өңіріміздің тарихын көркем әдебиет арқылы насихаттау болып табылады. Болашақта бұл еңбектер шетел тіліне аударылады. Бұл – алдағы уақытта өңірімізге туристерді тартуға зор септігін тигізеді деп ойлаймыз. Аталмыш жоба 2018 жылы бастау алған. Жоба аясында филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш «Афанасий Латута» атты тарихи роман жазса, ақын, журналист Жұмаш Кенебай «Ғашық жүрек» тақырыбында поэма, жазушы Айгүл Кемелбаева «Арқаның алтын белдеуі» атты ғылыми очерк жазып, шығармалардың электрондық нұсқасын Ақмола облыстық және өнер музейінің қорына табыс етті. Алдағы уақытта жобаны іске асыру барысында жазылған осы және басқа да кітаптарды Үкіметтің қолдауымен бір серия қылып шығару жоспарлануда.
Ағымдағы жылы жобаны жүзеге асыру үшін біздің өңірге Алматыдан арнайы екі жазушы келді. Сонымен қатар, Ақмола облысынан ақын, жазушы Ерболат Баят та осы игі іске ат салыспақшы. Осы орайда, аталмыш жоба аясында еселі еңбек етіп, ауқымды жұмысты жүзеге асырып жатқан жазушыларға зор алғыс білдіреміз, –деді Гүлмира Саматқызы.
Атақты Біржан сал «Жер шоқтығы – Көкшетау» деп әнге қосқан, ақын Сәкен Сейфуллин «Сексен көл Көкшетаудың саясында» деп жырлаған сұлу Көкшенің киелі жерлері туралы ақпараттарды жинақтау үшін жазушылардан жасақталған ғылыми-зерттеу экспедициясы өңіріміздің аудандары мен ауылдарын аралап, архив құжаттарымен танысып, елдегі көнекөз, кәріқұлақ қариялармен тілдесіп, тың деректер жинақтауда.
Жиын барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, РһD докторы Ерболат Баят, жазушы, сатирик Ермахан Шайқы, жазушы Қанағат Әбілқайыр өз ойларын ортаға салды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар