Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тиімді жұмыс – нәтиже кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Тиімді жұмыс – нәтиже кепілі

2019 жылдың 18 қазанында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкімет мүшелері, «Nur Otan» партиясы мен мәжілістегі фракция мүшелерінің қатысуымен өткен жиында «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы талқыланды.

Өңірлерді дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы еліміз бойынша ойдағыдай деңгейде жүзеге аспай отыр. Олардың орындалуын қадағалап отырған тиісті бақылау жоқ. Кейбір тармақтар мүлдем орындалмайды. Жоспарланған жұмыстарға үнемі түзетулер енгізіліп келеді. Сондықтан, Ұлттық экономика министрлігі «Nur Оtаn» партиясымен және оның фракциямен бірлесіп, аталған бағдарламалардың орындалуы туралы тыңдау ұйымдастыруы керек. 2025 жылға дейін аумақтарды дамытудың жаңа бағдарламаларын жасау қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ел игілігіне арналған стратегиялық бағдарламалардың орындалу барысында кемшілік тұстарының бар екендігін ашып көрсеткен Елбасының сын ескертпелері, дер кезінде көтеріліп отырған нақты мәселе деп санаймын.
Партия төрағасының көтерген мәселелері бойынша өңірлерді дамыту бағдарламаларының уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын бақылауды партия филиалдары депутаттардан түрлі деңгейдегі жұмыс топтарын құра отырып, онан әрі күшейтуді қолға алмақ.
Сонымен қатар, партия төрағасы барлық деңгейдегі депутаттардың жұмысына байланысты да өз ойын білдірді. Бұл дегеніміз депутаттарымызға үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін көрсетеді. Халық қалаулылары азаматтарымыздың мәселелерін шешу жолында жұмыс істеп, әрдайым өз сайлаушыларымен ашық қарым-қатынаста болып, ел ішіндегі өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысуы қажет деп санаймын. Алдағы уақытта депутаттардың жұмыстарының нәтижелері бойынша партия жанындағы түрлі кеңестер мен отырыстарда қаралып, бағаланатын болады.
Партия елдің жетекші саяси күші ретінде мемлекетіміздің дамуының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз ете бермек. «Nur Otan» партиясы еш уақытта елдік мүддені назардан тыс қалдырған емес.

Ғалым БЕКМАҒАМБЕТОВ,
«Nur Otan» партиясы
Ақмола облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар