Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа технологиялар жұмысты жетілдіреді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа технологиялар жұмысты жетілдіреді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған Жолдауында Қазақстандағы қазіргі жағдайды шолып, алға жаңа міндеттер қойды.

Мемлекет басшысының бұл Жолдауы мемлекетіміздің дамуының жаңа баспалдағы болып табылады. Бұл құжатта еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері қамтылып, қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын одан әрі жақсарту міндеттері белгіленді. Жолдауда отбасы мен балалық шақ институтын қолдау, инклюзивтік қоғам құру, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау саласын одан әрі дамыту, отандық зейнет жүйесін тәртіпке келтіру, құқық қорғау саласын жаңғырту, әр азаматтың құқы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәрізді қоғам өмірінің барлық шешуші мәселелері жөнінде айтылған.
Президент өз сөзінде азаматтарды табиғи құбылыс пен техногендік апаттан қорғау мәселесіне ерекше назар аударып, азаматтық қорғау саласында кәсіби мамандар жұмыс істеуі тиіс деп атап өтті. Әрине, бұл маңызды мәселе. Өрт сөндіруші мен құтқарушының шеберлігі адам өмірімен тікелей байланысты. Өрт сөндірушілер күн сайын өз өмірін қыл үстіне қойып, өзге адамдарды құтқарады. Азаматтық қорғау қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мәселесі маңызды әрі қажетті деп есептеймін. Еңбек қорын арттыру есебінен құтқарушы мамандығының беделін де арттыра аламыз.
Жолдауда Мемлекет басшысы «Ақылды қала» тәрізді жаңа технологияны енгізу жөнінде айтты. Бұл өте маңызды мәселе. Ақылды қала туындайтын төтенше жағдайға тез назар аударуға мүмкіндік береді. Қалалық билік елді мекенде не болып жатқанын бір экраннан көріп, қажетті шешім қабылдайды. Туындайтын барлық проблемаға шара қолданылды. Ақкөл қаласына «Ақылды қала» жүйесі енгізілді. Әр пәтерде су, жылу және электр қуатын есептейтін «ақылды» есептегіш орнатылды. Олар барлық ақпаратты автоматты түрде бір орталыққа береді. Сондай-ақ, аталмыш қала бойынша «ақылды» бейнебақылау орнатылып, барлық мекемелер арнайы есептейтін қондырғылармен жабдықталды. Енді біздің қызметкерлер санаулы секундта төтенше жағдай жөнінде біліп, дереу көмекке келеді. Шешуші мәселелердің барлық саласы бойынша Президенттің мемлекеттік саясатының стратегиялық бағыты тәуелсіз әрі гүлденген Қазақстанды құру мақсатына қол жеткізудің жаңа баспалдағы болып табылады.

Алексей СОВЕТОВ,
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің
бастығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар