Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Елдос Рамазанов Ақмола облысына іс-сапармен келіп,
«Достар» мәдениет үйінде халықпен кездесуге қатысты және Көкшетау қаласындағы бірқатар спорт кешендерін аралады.
Вице-министр «Оқжетпес» стадионында болып, ондағы жөндеуден өткізілген жеңіл атлеттерге арналған манежді аралап көрді. Мұнда спорт жарыстарын өткізуге, атлеттердің жаттығуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалған. Елдос Рамазанов сонымен бірге, №7 мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебіне, теннис орталығына барып, одан әрі «Оқжетпес» балалар және жасөспірімдер футбол мектебінің спорт залында болды. Еліміздің ертеңгі тізгін ұстары қазір мектеп қабырғасында білім алып жатқан жас ұрпақ десек, олардың дендері сау, шыныққан, шымыр болып өсуіне жағдай жасау – мемлекеттік маңызы бар міндет екені белгілі. Вице-министр осы орайда, балалардың спортпен айналысуына қажетті жағдай жасалып отырғандығына оң бағасын берді және жалпы, облыс бойынша спорт кешендерін жабдықтап, дамыту тұрғысында оң өзгерістер бар екендігін атап өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.