Үкімет басшысы Родина селосында болды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Ауыл – ел бесігі» жобасын және елорда аумағынан азық-түлік беледуін жасау

бағдарламасын  жүзеге асыру шеңберінде Целиноград ауданының Родина селосына жұмыс сапарымен барып, «Родина» агрофирмасы» серіктестігінің жұмысымен танысты.

Үкімет басшысы «Родина» агрофирмасы» серіктестігінің ауыл шаруашылығы техникаларына арналған паркін, сүт кешенін және Родина селосының әлеуметтік инфрақұрылымдарын, атап айтқанда, хоккей кортын, орта мектепті, сауда орындарын аралап көрді, елді мекеннің абаттандырылуына назар аударды.

    «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық елді мекендерді, ауыл шаруашылығын дамытуға әрдайым жете көңіл бөледі. Сіздердің агрофирмаларыңыз еліміздегі ең үздік шаруашылықтардың бірі болып саналады, осыған орай тәжірибелеріңізді  еліміздің басқа шаруашылықтарына тарату қажет» -деді Асқар Мамин.

    «Родина» агрофирмасы» серіктестігінің басшысы Иван Сауэер Премьер-Министрге шаруашылықты алдағы уақытта дамытуға арналған жоспарлары туралы жан-жақты айтып берді.

      Серіктестік 2005 жылы осы аттас кеңшардың базасында құрылып, егін және мал шаруашылығы саласымен айналысатын және өнімді өңдейтін еліміздегі аса ірі шаруашылыққа айналып отыр. Қазыргі күні серіктестікте 520 адам еңбек етуде. Соңғ,ы үш жыл бойына серіктестік жылына  2,52 миллиард теңгенің өнімін өндіріп келеді. Агрофирма  қорада ұсталатын сауын сиырларды сауу мен азықтандыруда цифрлық технологияны пайдаланады, сондай-ақ, жел қуатын пайдалану, басқа да озық технологиялар қолданысқа енгізілген.

    Серіктестік бидай, сұлы, арпа сияқты дәнді дақылдармен бірге, майлы дақылдар және көк балауса, бір жылдық шөп сияқты малазықтық дақылдарды егеді. Сонымен бірге, картоп, көкөніс те өсіреді. Шаруашылық ірі қара өсіруге арналған асыл тұқымды завод мәртебесіне ие.

 

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар