Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Саналы ұрпақ– ұлт болашағы - АРҚА АЖАРЫ

Саналы ұрпақ– ұлт болашағы

Біз тақырыпты тегінен-тегін осылай қойған жоқпыз. Себебі, күні кеше Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында біз тамашалаған Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн. Мәңгүрт» антиутопиялық драмасының негізгі түйіні осыған саяды.

Иә, жасырары жоқ, әрбір адам бақыт дейтін ұлы ұғымды әртүрлі қабылдайтыны бар. Бірақ, қалай дегенменде, мына шексіз ғаламның өлшеулі ғұмырында жақсы атыңды жалғайтын, адамгершілік, ұлттық болмысты сақтап қалатын, оны келешекте насихаттай білетін, өнегелі ұрпақ тәрбиелей алу – зор бақыт болар. Кім баласын жаман болсын дейді? Қазақтың «Е, Алла, бала бер, бала берсең, сана бер…» дейтіні де осыдан екен. Драманың өн бойында адамгершілік, ата-анаға деген шексіз құрмет, ананың балаға деген ыстық махаббаты, қатыгез ұрпақтың қанағатсыз, пасық ниеті, жалпы отбасы құндылықтары бейнеленген. Қойылымды тамашалай отырып, кейіпкермен бірге сол оқиғаның желісіне елтіп, қуана отырып мұңаясыз, жылай отырып, ой түйесіз… Ең бастысы, қойылымды тамашалаған көрерменнің де осындай сезімде болғаны. Біз осы орайда, сахна шымылдығы жабылысымен, көрермендерді де сөзге тартып, өз ойларымен бөлісулерін өтіндік. Солардың бірі – Алмагүл Елебекқызы.
– Маған қойылым қатты ұнады. Едіге ағайдың өз досына деген шынайы көңілі, аманатқа адалдығы керемет тәнті етті. Сәбитжанның ерсі қылықтары тым жиіркенішті. Бірақ, несін жасырайық, бүгінгі ұрпақтың көбі осындай. Ең бастысы, қара басының ғана қамын күйттейді. Ата-анаға деген құрмет ұмытылған, – дейді Алмагүл мұңайып.
Байқағанымыздай, Алмагүл сіңлім өзінің бір сөзінде актерлердің ана әрекеті, мына сөзі деген жоқ. Ол кәдімгідей сол көрініске сенді. Жүрек елегінен өткізді. Ой қорытты. Міне, актерлік шеберлік деген осы!
Шыңғыс Айтматовтың бұл шығармасында қасиетті Сарыөзек өлкесінде ғұмыр кешкен отбасылардың тағдыры баяндалады. Бұл өлке улы радиация кесірінен қу мекенге айналған. Бірен-сараң адамға ғана пана болған шағын разъездің сүреңсіз күндері бейнеленетін спектакль бұрынғы майдангер, қарапайым теміржолшы Едігенің өмірде көрген-білгендерін баяндаудан тұрады. Қырық төрт жыл бойы теміржолда қажырлы еңбек еткен, қартайғанда балаларының қамқорлығынсыз қалып, жалғыздықта көз жұмған досы Қазанғапты жерлемек болған Едіге досына берген аманатты орындау кезінде талай дүниені ой елегінен өткізеді. Қазанғаптың тірі кезіндегі аманаты бойынша сүйегін «Ана бейітке» жерлемекші болады. Алайда, ата – баба жерленген киелі жер ғарыш айлағына тиесілі болып шығып, онда өтуге рұқсат болмайды. Аманатты орындау жолында кедергілерге жолыққан Едіге көрсоқыр қоғам тәрбиелеген қатыгез ұрпақты көріп, оларды мәңгүртке теңеп, налиды.
Драманың қоюшы режиссері Фархадбек Қанафиннің есімі бүгінде республикамызға кеңінен таралып келеді. Біз Фархадбектің ізденімпаз, еңбекқор, жаңашыл, әрбір іске аса жауапкершілікпен қарай білетін қабілет-қарымына тәнтіміз. Көрерменін елең еткізе білген бұл қойылымға да ерекше жауапкершілікпен қарап, көп ізденгені байқалып тұр. Режиссер уақытты үш шақта қарастырған. Басты кейіпкер – Едіге көрген-білгенінің барлығын көрерменге баяндау арқылы өткен күндермен байланыс ұстап тұрушы болса, Найман-Ана образы өткен күннің елесі, ал Едігенің мұң шағуы болашақты меңзейтіндей.
Шымылдық ашылысымен сахна суретшісі — Ибграгим Исеновтың еңбегі назарымызды аударды. Техникалық топ жарық берумен, будақтатып түтін шығарумен, музыкамен сүйемелдеуде жақсы жұмыс істегені байқалады.
Басты кейіпкер Едіге рөліндегі актер Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Қайрат Мырзаболатовтың кейіпкерін зерттегені, сол ізденісі ойын барысында көрініп-ақ тұрды. Қарт теміржолшының көпті тебіренткен жанайқайы, қоғамдағы қатыгездікке налып өз ойын ортаға салған сәттері әсерлі, әрі шынайы. Тағдырдың талқысы көп болса да адамгершілігінен арылмаған азамат екендігін, антына беріктігін дәлелдей білді. Айтқан сертте тұру, аманатқа адал болу – адамдықтың белгісі. Бұл да болса бүгінгі жастарға үлгі болатындай көрініс. Әрине, барлық актер өз образын танып-білген дегеннен аулақпыз. Бірақ, нанымды әрі сәтті шыққан образдардың бірі – Сәбитжанның бейнесі екендігі анық.
Көрерменді елітіп, шынайы ойынымен тәнті еткен Сәбитжанды бейнелеген актер Еркебұлан Төлеуов. Жалғыз әкесінің қазасы да оның тас боп қатып қалған жүрегін жібіте алмаған. Қойылымда Найман ананың рөліндегі актриса Рашида Ғалымова да болашағынан зор үміт күттіретін жас талант иесі екендігін байқатты. Найман ана болып баласын жоқтаған сәті жан жүрегіңді толқытып, жанарыңа еріксіз жас үйірілтеді.
Осы орайда, мәңгүрт Жоламанның рөліндегі актер Асланбек Шайсұлтановтың шеберлігін де атап өтсек дейміз.
Несін жасырайық, ұрпақ бойына ұлттық тәрбиені сіңіре алмай, көнеден көнермей жеткен асыл мирасымыз сарқылып жатыр. Әдетте, өзімізге қатысты болса болды, біз кез-келген нәрсеге сылтау таба қоюға шеберміз. Кім кінәлі? Мәселе – біздің эгоистік сезімнен туған әлсіздігімізде шығар. Өмірдің өзі – күрестен тұрады. Ал, күресте еңбек пен ақыл керек. Жалқау жеңіске жетпейтіні анық. Баланы дұрыс тәрбиелеу де үлкен еңбек. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы – саналы ұрпақтың қолында. Ендеше, әрбір адам өз тағдырын –ұлт тағдыры деп ұғынғаны абзал. Осындай ой туғызған танымды театр кешінен көрермен халық рухани азық арқалап, актерлерге алғыс жаудырып жатты.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының»
өз тілшісі.

Суреттерді түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар