Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал шаруашылығын өркендететін жобалар - АРҚА АЖАРЫ

Мал шаруашылығын өркендететін жобалар

Зеренді ауданының Мәлік Ғабдуллин атындағы ауылда «Щучинск сүт зауыты» серіктестігінің 10 мың бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы,

Бурабай ауданының «Әбдрахманов Б.Д» жеке кәсіпкерлігінде тауарлы-сүт фермасы іске қосылды.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында ашылған мал бордақылау алаңы американдық технология бойынша салынған және өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, ішкі нарықтағы сұранысты да қанағаттандыруға септігін тигізбек. Серіктестіктің бас директоры Серікбай Садықовтың айтуынша, қазіргі кезде шаруашылықта 7,1 мың бас ірі қара семіртілуде. 58 адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың орташа еңбекақысы айы-
на 167 мың теңгені құрайды. Бұл әрине, ауыл тұрғындары үшін қыруар ақша. Жыл басынан бері 2,9 мың бас мал сойылыпты. Кәсіпорынға шығарылған өнім үшін мемлекет тарапынан субсидия да төленуде.
– Кәсіпорынға 2018 жылы сатылған өнім үшін 54 миллион теңге субсидия төленді. Биыл 135 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға қол жеткізуді көздеп отыр, – дейді Серікбай Садықов.
Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Облысымызда мал шаруашылығы дәстүрлі әрі табысы жоғары сала болып саналады. Өңірімізде сиыр етін өндіруге барлық мүмкіндіктер жасалған. Бүгінгі мал бордақылау алаңын іске қосу арқылы біз облыс бойынша бір уақытта барлығы 31,5 мың бас ірі қараны семірте аламыз. Бұл бізге жылдан жылға ет өндірісін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Ғалымжан Әбдіхалықов.
Жаңадан ашылған 10 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы серіктесікке бір уақытта жемделетін ірі қара санын 15000-ға дейін жеткізуге және ішкі нарықты жыл сайын отандық өндірісте өндірілген 6 мың тоннадан астам етпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермекші.
Сонымен қатар, Бурабай ауданының «Әбдрахманов Б.Д» жеке кәсіпкерлігінде тауарлы-сүт фермасы ашылды. Шаруашылық басшысы Болат Әбдрахмановтың айтуынша, заманауи үлгіде салынған фермаға автоматтандырылған қондырғылар орнатылған. Мұнда тәулігіне 1000 литр сүт алынады. Сүт Зеренді ауданындағы «Milk Project» серіктестігінің сүт зауытына өткізіледі.
Ферманың ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін мүмкіндігінше барлық жағдай жасалып отырғандығын тілге тиек етті.
– Бурабай өңірінде осындай тауарлы-сүт фермасын ашу облыс үшін айтулы оқиға. Фермада малдың жоғары өнімділігімен, малды баптауға жасалған қолайлы жағдайымен, жаңа технологияны енгізуімен ерекшеленеді, – деді құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов.
Фермаға Ресей және Түркияда шығарылған барлығы 32,3 миллион теңгенің қажетті жабдықтары орнатылған. Мұнда сүтті өндіріп, салқындатуға және сақтауға болады. Шаруашылықтар меншігінде 109 жылқы, 480 бас ірі қара бар. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша агронесиелік корпорациясы арқылы 88 миллион теңге жеңілдетілген несие алды. Бұл қаражатқа Чехиядан асыл тұқымды 96 бас ірі қара сатып алынды, оның 60-ы монбельярд және 36-сы симменталь сиырлары.
Сонымен қатар, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржылай қолдау қоры арқылы Чехия мен Словакиядан асыл тұқымды 109 бас, «Ырыс» бағдарламасы бойынша алынған 82 миллион теңге несиеге Словакиядан 53 бас ірі қара мал сатып алынған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар