17 қараша – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті агроөнеркәсіп кешенінің еңбеккерлері!
Баршыңызды кәсіби төл мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында облысымыздың аграрлық секторы ырғақты дамып келеді, ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлері бойынша тұрақты өсім байқалуда. Биылғы жылғы ауа райының қолайсыздықтарына қарамастан, облыс диқандары
5 миллион тоннадан астам астық жинады. Біздің облысымыздың үлесіне елімізде өндірілген астық пен құс етінің төрттен бірі, құс жұмыртқасының – 16 пайызы, ұнның – 11 пайызы, сүттің – 10 па-йызы, картоптың – 8 пайызы тиесілі болып отыр.
Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына диқандар мен мал шаруашылығы еңбеккерлерінің, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өңдеуші сала қызметкерлерінің қосып отырған үлесі зор. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өндірген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға игі ықпалын тигізетініне сенімдімін. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бақыт және еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар