Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мектеп салынып, жол жөнделеді - АРҚА АЖАРЫ

Мектеп салынып, жол жөнделеді

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында жаңадан салынып жатқан оқу-тәрбие кешенінің құрылыс алаңында болып,

мердігерлерге жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді, сондай-ақ, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт сарайының жағдайымен танысып, күрделі жөндеу жұмыстар жүргізудің жай-жапсарын талқылады.

Облыс орталығының Краснояр кентіне апарар тас жолдың бойында жаңадан оқу-тәрбие кешені салынып жатқаны белгілі. Мердігерлердің жауапсыздығынан құрылысы басталмай жатып, аяқсыз қалып, енді қайта жандана бастаған бұл білім ордасының жағдайы қала басшылығын ғана емес, облыс әкімін де алаңдатып отыр. Тіпті, оқу-тәрбие кешені құрылысының ұзарып кеткені туралы сол маңда тұратын тұрғындар облыс басшысының «ашық әкімдік» қоғамдық қабылдауында да көтерген болатын.
Білім нысанының құрылысы 2016 жылы басталып, кейін іргетасы дұрыс болмай екі жыл тұралап қалды. Өткен жылдың екінші жартысынан бастап, жұмыс жандана бастаған. Мердігер компанияның өкілдері қайткен күнде де келер оқу жылы басталғанша кешенді салып бітіреміз деп отыр. Қазіргі кезде, құрылыс жұмыстарының 50 пайызы орындалды. Құрылысшылар ғимараттың үшінші қабатының қабырғаларын кірпіштен қалауда.
– Бірінші қабатының терезелері орнатылды, екінші қабатының терезесін жақында салып бітеміз. Құрылыс жұмыстарына 30-ға жуық тас қалаушы жұмылдырылып отыр. Келер жылдың білім күніне дейін тапсыру жоспарда бар, – деді «НИКС Инжиниринг групп ИВ» серіктестігінің директоры Владимир Пинчук.
Осы ретте, бір мәселе туындап отыр. Құрылыс жұмыстарының жобалық- сметалық құжаттамасына өзгерістер енгізуді қажет етеді. Осының салдарынан қыс айларында құрылыс жұмыстары уақытша екі айға тоқтатылуы мүмкін. Бірақ та, бұл ғимаратты келер оқу жылына дейін салып бітіріп, тапсыруға еш әсер етпейтін көрінеді.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі мердігерлерге жұмысты ширатуды, ал қала әкімдігіне оны бақылауға алуды тапсырды.
– Келер оқу жылында қайтсек те, оқу-тәрбие кешенін салып бітіруіміз керек. 300 оқушыға шақталған мектепте оқушылар екі ауысыммен білім алатын болады. Сондықтан, құрылыстың қарқынын осы бастан арттыруды тапсырамын, – деді Ермек Маржықпаев.
Бұдан бөлек, облыс басшысы Краснояр бағытындағы саяжай аумағында тұратын тұрғындармен кездесті. Онда облыс орталығы мен Краснояр кентін байланыстыратын күре жолдың саяжай тұсына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Бұл үшін бюджеттен 50 миллион теңгеден, үш жылға барлығы 150 миллион теңге қаржы бөлу қарастырылып отыр. Кездесуде қала тұрғыны Сәрсенбай Сердалин жөндеу жұмыстары кезінде ескеретін кейбір мәселелерді облыс басшысына айтты. Ермек Маржықпаев тұрғындардың ұсыныс- пірірлер тыңдай келе, аталған шағын ауданға «Құлагер» атауын беру туралы өзінің ойын білдірді.
Сонымен қатар, облыс әкімі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт сарайында болып, ғимараттың бокс, ауыр атлетика алаңдары мен спорт залын аралап көріп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесіне назар аударды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар