Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қалдықпен қалтқысыз күрес қажет - АРҚА АЖАРЫ

Қалдықпен қалтқысыз күрес қажет

Мемлекет басшысының рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді азайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің және ҚР Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің нұсқауымен Ақмола облысы бойынша экология департаменті Целиноград ауданы әкімдігімен бірлесіп, Қосшы кентіндегі рұқсат етілмеген қоқыс орындарының жай-күйі және оны жою бойынша баспасөз турын ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ арасында жердегі қоқыс шығару полигондарын қашықтықтан зондтаудың спутниктік кескінін ұсыну бойынша Геопортал қызметтерін ұсыну туралы келісімшарт жасалды. Облыстағы жер актілері бар 130 қоқыс орны мен полигондарының экология саласы бойынша 25 рұқсат ету құжаттары бар. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру алаңдарының ғарыштық мониторингі, өндіріс пен тұтыну полигондары шекараларының өзгеру динамикасы және облыс орталықтарының, қалалардың белдеуіндегі 50 километрлік радиуста рұқсат етілмеген қоқыстарды анықтауға мүмкіндік тууы тұрғындар арасында қызығушылық туғызуда. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ геопорталының тікелей мониторингімен және жүйелі талдаулардың нәтижесі бойынша, ғарыштан түсірілген түсірілімдерді негізге ала отырып, Ақмола облысында рұқсат етілмеген қалдық орындарының 1576-сы есепке алынды (Көкшетау қаласында – 210, Зеренді ауданында – 664, Бурабай ауданында – 101, Целиноградта – 478, Аршалыда – 70, Шортанды ауданында – 53).
2019 жылғы түсірілім бойынша, экология департаментінің инспекторлары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, Целиноград ауданында рұқсат етілмеген қалдық орындарының 150 орнын анықтады және тексерді. Мұның 60-ы жойылды.
Бүгінгі күнге дейін, департамент рұқсат етілмеген қоқыс орындарының анықталған жерлеріне 200-ден астам тексеріс, бақылау жұмыстарын жүзеге асырды. Целиноград ауданында, яғни, астанадан 30 шақырымдық қашықтықтағы аймақта, рұқсат етілмеген қоқыс шығаратын 150 орын тексеріске алынды. Соның ішінде, Қосшы ауылдық округінде 114 полигон бар.
Қазақстан Республикасының экологиялық Кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштарын бөлек жинауды, сақтауды, ұдайы әкетуді, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды және залалсыздандыруды, сондай-ақ елді мекеннің аумағын тазартуды көздейтін, коммуналдық қалдықтарды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыруға жауап береді. Осы талаптарды орындау үшін жергілікті атқарушы органдарға Геопортал ақпаратын қолдана отырып, ластанған жерлерді тазарту бо-йынша жұмыстарды жүргізу тапсырылды.
Баспасөз туры шеңберіндегі іс-шара барысында, Қосшы ауылдық округі әкімдігінің күшімен қоқыс орнының 3 нүктесі жойылды және 6 «КамАЗ» автомашинасына тиелген қоқыстар шығарылды.
Іс-шара кезінде журналистер «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ геопорталының қолданылу тәсілімен танысып, рұқсат етілмеген полигондарды жою бойынша жұмыстардың сапасына баға берілді.
Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Б. Биғараев пен Целиноград ауданының әкімі М.Таткеев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толыққанды жауаптар қайтарды.

Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар