Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сот жүйесіне сенім соттар арқылы қалыптасады - АРҚА АЖАРЫ

Сот жүйесіне сенім соттар арқылы қалыптасады

2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған еді. Президент Жолдауы бес блоктан тұрады, олардың ішінен кәсіби қызметке байланысты «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты екінші блогына тоқталғым келеді. Қазақстан Президенті сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы деп атап өтті.

Осы бағытта заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығаруға судьяның құқығы мызғымас болып қалады деп көрсетіп, сот шешімдерінің сапасын жақсарту бойынша шараларды жүзеге асырудың қажеттілігі туралы айтылды. Сот шешімі дегенде, ең алдымен біз заң бұзған адамның осы әрекетінің салдарына орай қатаң заң шеңберінде және әділдік принципін басшылыққа ала отырып, шешім шығаруды айтып отырмыз. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген атадан қалған қағидат қазір де өзінің мәнін жойған жоқ. Судья ешкімге бұра тартпай заң шеңберінде жазаны әділ шығаруы арқылы сот шешімінің сапасын жақсартамыз және сотқа деген халықтың сенімі де осыған байланысты болмақ.
Президент Жолдауында қоғамда тұрақтылықты сақтау, бизнесті дамыту үшін бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет деп атап өтті. Еліміздің экономикасын дамытуда бизнестің алатын орны зор. Осы орайда, сот кәсіпкерлерді заң шеңберінде өз құқықтарын қорғауына жағдай жасауы қажет. Әсіресе, атқарушы билік тарапынан жасалып жататын түрлі заң бұзушылықтарға орай, сотқа шағымданатын кәсіпкерлер аз емес. Яғни, кәсіпкерліктің өсіп, өркен жаюына соттың да тигізетін оң ықпалы бар. Президент Жолдауында соттың алдына қойып отырған осы бағыттағы міндеттерін әрдайым басшылыққа алатын боламыз.
Қазақстанда жария-құқықтық дауларды шешу кезінде азамат пен билік органдарының арасындағы айырмашылықты жойып, дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділеттің енгізілуі жоспарлануда. Соттарға қосымша айғақтарды жинау бойынша құқықтар беріледі, аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті мемлекеттік органға жүктелетін болады. Бұның бәрі жеке азаматтар мен бизнес өкілдерінің құқығын қорғауды қамтамасыз етуге игі ықпалын тигізетін шаралар.

Қанат САБДИН,
Ақмола облыстық сотының судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар