Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қабылдауға келген азаматтар саны көп болды - АРҚА АЖАРЫ

Қабылдауға келген азаматтар саны көп болды

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында белгіленген міндеттерді іске асыруда. Осыған орай, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев және аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының, селолық, поселкелік округтердің әкімдері, басқармалар мен департамент басшылары азаматтардың жеке сұрақтары бойынша жалпы республикалық бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күнін өткізді.

Алдын ала хабарланғандай, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәжіліс залында өңір басшысы және облыс, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, құқық қорғау органдары, әлеуметтік және коммуналдық қызметтер, кәсіпкерлік палатасы, мәдениет және денсаулық басқармасының басшылары күні бойы азаматтарды толғандырған сұрақтарына жауап беріп, заң аясында шешім шығарылатынын жеткізді. Сол күнгі облыс әкімінің қабылдауына жазылған азаматтардың нақты саны 57 адам болса, түскі үзіліссіз қабылдау арқылы 63 адам өз өтініш, ұсыныс-тілектерін айтып үлгерді. Өңір басшысына қойылған сауалдар әртүрлі мәселені қамтыды.
– «Көкшетау қаласындағы мүмкiншiлiгi шектеулi балаларға арналған «Аялау» орталығының өкілі ретінде ғимараттың тарлығына байланысты Көкшетау қаласы әкімінің қабылдауында болып, кеңейту мәселесіне назар аударуын өтінген болатынбыз. Бұл мәселе болашақта біртіндеп шешілетініне сенімді болып тұрмыз, – деді қабылдауда болған Бақыт Базарбаева. Сондай-ақ, екінші топтағы мүгедек Сағат Құсайынова:
– Мен Элеватор шағын ауданының тұрғынымын. Менің сауалым, жол құрылысының сапасыздығына және біздің маңайымызда қоғамдық моншаның жоқтығына байланысты барша тұрғындар атынан алаңдаушылық туғызып келіп отырмын. Бұл мәселе де шешімін табады деген ниеттемін, – дейді ол.
Өздерін толғандырған сауалдарын қою үшін қабылдауға келген адамдардың саны көп болды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бағытында өткен қоғамдық қабылдау алдағы уақытта өз нәтижесін берері сөзсіз. Өйткені, мұнда азаматтардың сауалдарын тыңдаумен қатар, көп жағдайларда көмектесуге тырысу жағы қарастырылады. Қалай десек те, бұл күнгі азаматтарды қабылдау жұртшылық көңілінен шықты.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар