Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиевтің төрағалығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің таныстырылымы өтті.
Өңірдегі бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан шарада «Астана» халықаралық қаржы орталығының» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі Болатбек Қуандықов жиналғандарға орталық қызметінің бағыттары, исламдық қаржыландыру, «жасыл» қаржы туралы айтып берді. Сонымен қатар, орталық құралдарының көмегімен инвестицияларды қалай тарту, қатысушы ретінде қалай тіркелуге болатыны да айтылды.
Орталықтың басты миссиясы – бизнестің менталитетін қаржыға қайта қосу және қазақстандық жобаларды капиталдың жаһандық нарығына шығару. Мұндағы негізгі ерекшелік – шетелдік инвесторлар үшін сенім тудыратын ортақ ағылшын құқығы қағидатына негізделген бірегей құқықтық жүйе қалыптастыру.
Жиын соңында екіжақты ынтымақтастық орнату мақсатында ақмолалық делегациялардың орталық алаңына сапарын ұйымдастыру мәселесі пысықталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.