Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ассамблея – этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі - АРҚА АЖАРЫ

Ассамблея – этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі

Сонау 1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылған Ассамблея бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда өлшеусіз рөл атқарып келеді.

2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе беріліп, ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты. 2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субъектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері айқындалды.
Жалпы алғанда, Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсіністік ахуалы қалыптасты. Мұның барлығында да Тұңғыш Президентіміздің рөлі айрықша. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.
Қарашаның 29-да біз Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кезекті XXII сессиясын өткізгелі отырмыз. Бұл мақала сессияға орай, сонымен қатар, барша қазақстандықтардың сүйікті мерекесіне айналған Тұңғыш Президент күні қарсаңында жарық көріп отырғандықтан, Ассамблеяның құрылуындағы Елбасының рөлін айтпай кетуге әсте болмайды. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізіп келеді. Келер 2020 жылы ұйым өзінің 25 жылдығын атап өткелі отыр.
Бүгінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының құрамында барлығы 3600 адамды біріктіретін 52 этномәдени бірлестік бар. Олардың 16-сы облыстық бірлестіктер. Осы орайда, олардың биылғы жылы Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен отбасыларына көмек көрсету акциясына елімізде алғашқылардың бірі болып атсалысқанын ерекше атап өткім келеді. Арыс тұрғындарына барлығы 7 миллион теңгеге қаржылай және гуманитарлық көмек көрсетілді.
Ақмола ассамблеясының құрамында бес достық орталықтары, ғылыми-сараптамалық топ жұмыс істейді. Көкшетау қаласындағы Достық үйінің жұмысы да жақсы жолға қойылған. Осыдан екі жыл бұрын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Ассамблея» кафедрасы ашылып, ол жастарға этнополитика негіздерін оқытуда.
Облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен 248 қоғамдық келісім кеңесі мен 140 Аналар кеңесі құрылды. Олар жергілікті жерде тұрғындардың түйткілді мәселелерін шешуге белсене араласуда.
Жыл санап Ақмола ассамблеясының қоғамдық-саяси рөлі артып, халықтың бірігуінің векторы мен бағыттарының шоғырын айқындап келеді. Оның әлеуметтік қолайлылықтың ұлттық моделін құрастыру контекстінде де әлеуметтік маңызы арта түсуде. Бұл ең алдымен, қоғамның эволюциялық дамуының алғышартын құрайтын құрал ретінде қайырымдылық пен медиацияны дамытуға байланысты болып отыр.
2019 жылы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі сырқат балаларға, әлеуметтік аз қамтылған көп балалы отбасыларына көмек көрсету мақсатында 12 қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Облыста ассамблеямен тығыз байланыс орнатқан 12 кәсіби және 75 кәсіби емес медиатор жұмыс істейді.
Елбасымыз «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық сананы жаңғырту, қазақ еліндегі барлық этностарды жұмылдыру үрдістері драйверлерінің бірі болып табылады» деп атап өткен еді. «Қазақтану», «Мәміле», «Мың бала» жобалары мәдени тілдік ортаны әрі қарай үйлестіруге, баршамызға ортақ құндылықтарды, мақсаттар мен міндеттерді нығайтуға септігін тигізді. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы бұл жобаларды іске асыру шеңберінде 12 түрлі форматтағы іс-шара өткізді. Аталмыш шараларға шамамен үш мың адам жұмылдырылды.
Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамды нығайтуда мемлекеттік тілдің маңызы жоғары. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мәселесіне және қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналдырудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлді. Осы тапсырманы орындау мақсатында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы үстіміздегі жылы өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету курстарын ашты. Сабақта азаматтардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамытуға бағытталған озық әдістер қолданылады. Қазіргі уақытта онда 60 адам мемлекеттік тілді үйреніп жатыр. Қазақ тілін үйренуге құлшыныс танытып отырғандардың саны күн санап артып келетіні бізді қуантады. Ассамблеяда мемлекеттік тіл курстарымен қатар, өзге ұлт өкілдерінің тілдерін үйрететін «Шаңырақ» жексенбілік мектебі жұмыс істейді. Қазақ тілін және Қазақстан этносының сегіз тілін үйренуге қолайлы жағдайлар жасалған бұл жексенбілік мектепте 200 бала білім алады.
Келесі жылы еліміздің айтулы мерекелері Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз.
Біздің алдымызда мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас пен азаматтық қоғам тілі ретінде үйрету және халық арасында оны кеңінен насихаттау, бірлік пен келісімді нығайтатын құндылықтарды күшейту бойынша қоғамдық келісім кеңестерінің, Аналар кеңестерінің, этно-мәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру, рухани бірлік пен ұлтаралық келісім идеяларын қалыптастыру міндеті тұр.
Мәрзият ТОХАЕВА,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар