«Жастар» педагогикалық отрядына -17 жыл

Бүгін 27 қараша күні –«Жастар» педагогикалық отрядының туылған күні. «Балдәуреннің» киелі сахнасының сәніне айналған «Жастар» педагогикалық ұжымы үшін бұл күн естен кетпестей керемет күн. Себебі, «Жастар» әр күн, әр минут сайын өздерінің «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының үздік тәлімгері деген құрметті атаққа лайық екендерін алыс-жақын шетелде өткен халықаралық, республикалық байқаулардың жүлделі орындарына ие болу арқылы дәлелдеп келеді. «Жастар» педагогикалық отряды жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өздерін білімді, жан-жақты, рухани бай, әрі еліміздің шын патриоты деуге тұрарлықтай ұжым. Себебі, олар- «Балдәурен» атты балалар бақыты аралының беткетұтарлары. Осыған орай, айтулы мерекеде Орталықтың қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырып, «Жастар» ұжымын шын жүректен құттықтады. Әріптестер мен қызметкерлер ән мен биден шашу шашып, көңілді сахналық қойылым қойды.

Иә, «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп Абай айтқандай, тәрбие мен білімнің алтын дәнін сепкен ұстаздың есімі қашан да жоғары. Ұрпақ болашағы- ұстаз қолында. Жаһандану заманының бір көрсеткіші сапалы білім мен тәрбие болса, сол әлемдік білім кеңістігіне саналы ұрпақты қосатын ұстаз. Мамандық атаулының төресі де, ақыл-ойдың кемеңгерлігі саналатын ұйымдастырушы-ұстаздың еңбегі қашан да бағалы. Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялай білетін де қадірлі ұйымдастырушы- ұстаздарға бала көңілдеріңіз əр шәкірттің жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгетініне сенімдіміз. Сіздерге зор денсаулық, жалынды жігер, мызғымас қайрат, шығармашылық табыс тілейміз.

Құрметті «Жастар», ұлттың сапалы іргетасы қалану жолында аянбай еңбек ететін Сіздерге алғыс зор!

«Балдәурен» РОСО баспасөз хатшысы Ерденова Айнур Жетпісбайқызы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар