Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Егемен Қазақстанның» ғасыр тойы - АРҚА АЖАРЫ

«Егемен Қазақстанның» ғасыр тойы

Көкшетауда зор құрметпен атап өтілді

Көкшетауда республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығын мерекелеу аясында «Егемен» – Отанымыздың бас газеті» тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді. Жалпыұлттық «Егемен Қазақстан» газеті АҚ-ы төрағасының орынбасары, бас редактор Айбын Шағалақ, Көкшелік қалың оқырман және зиялы қауым өкілдері қатысқан мерекелік шараны облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, журналист Ғосман Төлеғұл жүргізіп отырды. Конференцияда облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың құттықтауын жеткізді.

–Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы болып саналатын, өзіндік өрелі тарихы бар, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылым – «Егемен Қазақстан» газетінің жүз жылдық мерейтойы баршамызға ортақ қуаныш,–деді Айна Мысырәлімова өз сөзінде. –Қойнауы тарихқа тұнған көрікті Көкшетау мен Қараөткел жері ғасыр тойын
ерекше екпінмен атап өтуде. Жыл басынан бастау алған дүбірлі той Ақмола облысының аудандарында да жалғасын тапты. Оқырмандармен, газет жанашырларымен жылы жүзді кездесулер өткізіліп, газеттің өткен тарихына шолулар жасалды.
Өткен ғасырда «Ұшқын» атты шағын газет болып шыққан республикалық басылым бүгінде әр қазақтың төрінен орын алды. Газеттің тізгінін ұстаған алаш арыстарының бастамасы қазіргі таңда тәуелсіздікті ту еткен, басқа басылымдар бой түзейтін, егеменді елдің басты басылымына айналды. «Егемен Қазақстан» – әуел бастан ұлттық мүддені, елдік мұратымызды және рухани құндылықтарымызды дәріптейтін қазақ баспасөзі екендігі анық.
Айна Ермекқызы салтанатты шарада газеттің бұрынғы және қазіргі меншікті тілшілері Б.Амалбек пен Б.Байәділді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, арнайы сыйлықтар тапсырды.
«Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары – бас редактор Айбын Шағалақ өз сөзін астаналық Ақмола облысының басшылығы мен жұртшылығына басылымның ғасыр тойына деген құрмет сезімдеріне алғыс айтумен бастады.
–Жүз жылдық тарих халқымыздың өршіл рухымен, жасампаздық қадамдарымен, қаҺармандығымен, жанқияр табандылығымен жасалады. «Егемен» тарихының бастауында тұрған «Ұшқын» газеті шын мәнінде Алаш ардақтыларының қолымен шығарылған алғашқы газет – «Қазақтың» заңды жалғасы деп айтуға негіз бар. Өйткені, «Ұшқын» сол баспахана қаріптерімен, сол ардақтылардың қатысуымен жарық көрді. Сондықтан, бүгінгі газет ұжымы 100 жылдық аясындағы мерейтойлық шаралар ды Алаш ардақтылары өмір сүрген Семей, Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарынан бастады. «Ұшқынның» Орынбордағы ғимаратына алдағы күндері ескерткіш тақта орнатылмақ. Газет тарихында Ақмола облысының да орны ерекше. Уақыт үрдісінің жалғасын бүгінгі кездесуден де байқап отырмыз. Елбасы атап көрсеткендей, жаңа тұрпаттағы «Егемен Қазақстан» газеті билік пен халық арасындағы алтын көпірлік қызметін алдағы уақытта да жалғастыра береді,–деді Айбын Бақытұлы.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Дос-жан Әміровтің сөзі толғанысқа толы болды.
– Газеттің 100 жылдық тарихынан Қазақстанның тұтас тарихын көруге болады,–деді ол. – Өйткені, газет беттерінде шежірелі жылдардың барлық белестері көрініс тапқан, басты басылым зар замандардан да айналып өте алмаған. Бұдан кейін қоғам қайраткері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Болат Жанәділов, танымал ғалым, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті Сәбит Жәмбек, Қазақстан Журналистер одағы жергілікті бөлімшесінің төрағасы, «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев, «EL.Jastar» театрының арт-директоры Хәкім Хасамбай бас басылымға деген ыстық ықыластарын білдіріп, газет ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.
Конференция барысында «Ел газеті – «Егемен» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар