Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Он айдың оң өзгерісі - АРҚА АЖАРЫ

Он айдың оң өзгерісі

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде облыстың әлеуметтік-экономикалық

дамуының биылғы жылғы он айдағы қорытындысы шығарылып, алдағы күннің міндеттері белгіленді.

Жиында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және әлеуметтік салалар бойынша атқарылған жұмыстар
туралы айтып берді. Оның айтуынша, тау-кен саласы мен азық-түлік өнімдері өндірісінің көлемі артқан, өнеркәсіп саласында да жағдай тұрақты болды.
Ауыл шаруашылығы саласы өнімдерінің көлемі 477,9 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы мен егіншілік шаруашылығында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. Жылқы, ірі қара, қой және құс саны артты. Нұр-Сұлтан қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту бойынша он жоба жүзеге асырылуда. Құрылыс, тұрғын үй құрылысы саласында да қарқын байқалады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қолға алынып, жалпы құны 264,5 миллиард теңге болатын 41 жоба қолған алынған. Алдағы уақытта тағы 11 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Әлеуметтік салада да оң өзгерістер байқалады. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашу, жаңа мамандықтарға оқыту, шағын және орта бизнесті дамыту, еңбекпен қамту және еңбек ресурстарын мобилдендіру қызметінен көрінуде. Білім, денсаулық саласында материалдық-техникалық база нығайып келеді. Жыл басынан бері бірқатар балабақша, мектеп, дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Мәжілісте күн тәртібіндегі екінші мәселе – он айдың ішінде облыстық бюджеттің орындалу қорытындылары туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтеновтың баяндамасы тыңдалды.
Облыс басшысы Ермек Маржықпаев баяндамашыларды тыңдай келе, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, аудан және қала әкімдеріне бөлінген қаржыны жыл соңына дейін толық игеруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөнінде «Əлеуметтік медициналық сақтандыру» ұлттық акционерлік қоғамы Ақмола филиалының басшысы Нұрлан Ақылбеков айтып берді. Ол өз сөзінде алдын ала дайындық бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, жиналғандарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуден күтіліп отырған нәтиже, бірқатар медициналық көмек түрлерінің қолжетімділігі артатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, әкімдік мәжілісінде ағымдағы өзге де сұрақтар қаралды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар