Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақкөл еліміздегі алғашқы ақылды қала - АРҚА АЖАРЫ

Ақкөл еліміздегі алғашқы ақылды қала

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы тапсырма берген болатын. Жолдауда әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасқаны және халық елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайтыны да бекерден-бекер айтылған жоқ. Күнделікті сұраныс пен ахуалдың өзі цифрлы қалаларға бастап келеді.

Сонымен, Жолдауда айтылған «ақылды қалалардың» еліміздегі алғашқы қарлығашы облысымыздағы Ақкөл қаласы. Елордамыздан 100 шақырымда орналасқан он үш мыңнан сәл асатын тұрғыны бар жинақы, инфрақұрылымдары түгел қалыптасқан қаланы жаңғыртуда осы артықшылықтары ескерілген. Жобаны өткен жылдың мамыр айында ІТ-қызмет саласындағы көшбасшы «Tengri Lab» компаниясы «Ақмола электр желілерін үлестіру компаниясы» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, ERG, BTS Digital және Ақмола облысы әкімдігімен бірлесіп қолға алды.
Жоба жол және қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде білім беру мекемелері мен әлеуметтік нысандарға бейнебақылау жүргізу, денсаулық сақтау саласына мониторинг жасап, басқару, сондай-ақ, ғимараттар мен тұрғын үйлерді соңғы үлгідегі ақылды құралдармен жабдықтау арқылы қаланың қалыпты тіршілігін кешенді қамтамасыз етуге бағытталған.
Ахуалдық орталық ведомствоаралық іс-қимылды ұйымдастыру, қаланы тактикалық және стратегиялық тұрғыдан басқару, соның ішінде коммуналдық қызмет көрсету мекемелерін басқару жөніндегі шешімдермен таныстыру, қала ресурстары жөніндегі шынайы және уақытылы алынған мәліметтерді жинақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.
Сонымен қатар, аталған жобаны іске асыру барысында энергия тиімділігін қамтамасыз ету, экологиялық жағдайға мониторинг жасау, қылмыстардың алдын алу жөніндегі инновациялық тәсілдер енгізілді. Бұл елімізде ақпараттық технологияларды тәжірибеден өткізіп, Smart Сity тұжырымдамасын дамыту үшін Ақкөл қаласының үлгі ретіндегі алғашқы елді мекен болуына септігін тигізді.
«Tengri Lab» компаниясы өкілдерінің айтуынша, қаланың барлық аумағы бойынша өзекті ауқымды ақпарат көлемін жинау мақсатында «Қазақтелеком» АҚ қажетті цифр-лы және зияткерлік инфрақұрылым құрған. Атап айтқанда, 17,5 шақырым 4G талшықты-оптикалық байланыс желісі, LoRaWAN энергия тиімділік желісі, қоғамдық Wi-Fi және LTE желісі жаңғыртылды. Бұл өз кезегінде бейнебақылау жүйесі құрылғыларын қосу (түрлі модификациядағы 100-ге жуық камера), экологиялық мониторингілеу және энергия ресурстарын бақылау және есепке алу (суды есепке алудың 4500 құрылғысы және электр энергиясын есепке алудың 6000 құрылғысы), жол трафигін, өрт қауіпсіздігін (әлеуметтік нысандар қамтылды), көшені жарықтандыру және басқа да IoT датчиктерді басқару мүмкіндігін қамтамасыз етті. Қаланың 3D картасы әзірленді.
Келешекте бұл жүйелер осыған дейін қолжетімсіз болған өзге де мәліметтерді анықтап, енгізетін болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар