Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егініміз жақсы шығып, малымыз молайды - АРҚА АЖАРЫ

Егініміз жақсы шығып, малымыз молайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында негізгі ресурс болып табылатын ауыл шаруашылығының әлеуеті толық пайданылмай отырғанын айтқан болатын.

Біздің ауданда экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Осы орайда, суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен ұлғайтуды қолға алдық. Бұл өнім көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін қолдау көрсетудеміз. Игерілмеген жер еңбексүйгіш адамдарға берілуде. Фермерлерге жемшөп дайындайтын жерлер қарастырудамыз. Ауданда ауыл шаруашылығы саласының инвестицияларына ерекше назар аударылады. Биылғы жылы 7 инвестициялық жоба енгізілді. Мәселен, «Қанай би-1» серіктестігі майлы дақылдардың қоймасын, «Блиц Терминал» серіктестігі құс қорасын салды. Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында Симферополь селолық округінде 310 бас ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасы пайдалануға берілді. «Щучинск сүт зауыты» серіктестігі базасындағы мамандандырылған мал бордақылау алаңы қосымша 7 мың бас ірі қара мал бордақылайтын болды. Тартылған инвестицияның сомасы 3,2 миллиард теңгені құрады. Үш шаруашылық 120 миллион теңгенің асыл тұқымды малдарын әкелді. Сондай-ақ, ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 2,2 миллиард теңгенің 111 техникасы мен қондырғыларын сатып алды. Егіншілік саласын одан әрі дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы жерлерін суландыру жұмысы қолға алынды. Мәселен, биылғы жылы бұл жұмыспен Бәйтерек пен «Садовый» селолық округтеріндеғі 400 гектар картоп пен көкөніс алқабы қамтылды.
Аудан диқандары егін орағын 5 қазанда аяқтап шықты. 193,4 мың гектар егіс алқабынан 298,9 мың тонна астық жинап алды. Гектар берекесі 15,4 центнерден айналды. Қоймаға 21,8 мың тонна тұқым құйылды. 66 мың гектардың майлы дақылдары жинап алынды. Орташа шығымдылық гектарынан 9,1 центнерді құрады. Сондай-ақ, 0,392 мың гектар алқаптың көкөнісі мен 1,664 мың гектардың картобы толық жинап алынды. Бұл жұмыс 11 қазанда аяқталды. Аудан бойынша 136,4 мың тонна шөп, 19,3 мың тонна жемшөп, 60 мың тонна сабан, 32 мың тонна сүрлем дайындалды. Жоспар артығымен орындалды. Биылғы жылы 47 мың гектар жер жыртылды. Бірқатар селолық округтердің жайылымы зерттеліп, жайылым айналымының сұлбасы әділет органына тіркелді. Аудан бойынша жайылым жер 114,266 мың гектарды құрайды. 306,6 мың гектар егіс алқабы, 148 867 гектар жайылым жер, 741 гектар шабындық жер, 499,9 гектар көп жылғы шөп алқабы цифрландырылды.
Ауданда мал шаруашылығын дамытуға, малдарды асылдандыруға ерекше назар аударылады. Бүгінгі күні қолдағы барлық ірі қараның 30,5 пайызы асылдандырылды. Мамандандырылған мал бордақылау алаңына 1860 бас бұқа бағылады. Қой шаруашылығы саласын дамыту мақсатында «Нұрай» шаруа қожалығы 320 қой сатып алды. 10 етті ферма құрылды. Сондай-ақ, ірі қараны көбейту үшін 3 етті ферма құру жұмысы жүргізілуде. «КазКан Агротехсервис» серіктестігі Чехиядан 210 бас асыл тұқымды мал әкелуді жоспарлап отыр. Жаңа жылда мал бордақылау алаңы құрылады. «Бөкен Тау» серіктестігі ірі қара өсірумен айналысады. Қазір мұнда 140 бас ірі қара бағылады. Серіктестік шетелден ет бағытындағы мал сатып алу арқылы өз шаруашылығын ұлғайтпақшы. «Нұрсат» жеке кәсіпорны 2020 жылы ет фермасының құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Кейін асыл тұқымды ірі қара мал сатылып алынады. Мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету аясында Ортақ ауылдық округінде су ұңғымасы пайдалануға берілді. Облыстың аудандарында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру шаралары жүргізілуде. Бұл тапсырманың аясында біздің аудан 380 тонна ірі қараның етін экспорттауы тиіс болса, оның 54 пайызы жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту жұмысы барлық бағыт бойынша жалғасады.

Еркеш ӘЛЕНОВ,
Зеренді ауданы әкімінің
орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар